17.02.2022
  8354


Автор: Жібек Ысқақова

Нағашы апама тілек

Нағашы апа, әр сөзімен баурайтын,
Нағашы апа, үзілсе жіп жалғайтын.
Өзіңізбен әр күніміз шуақты,
Мұңаюлар ешқашанда болмайтын.

Нағашы апа, саулығыңыз мықты боп,
Ортамызда жүріңізші тек аман.
Көңіліңіз жадырасын, жайнасын,
Жар боп сізге әрқашанда бір Аллам!

Жақсылықтар таба берсін жалғасын,
Нағашы апа, қиындықтар болмасын.
Немерелер қызығына тоймай сіз,
Шөберелер қуанышын арнасын!
Жібек Искакова





Комментарии

Сауле
Сауле 16.10.2023 18:03
Туган кунге
Толгагай
Толгагай 22.11.2022 21:17
Нагашы ажеме тилек жазып бере аласызба
АЛУА
АЛУА 08.11.2022 22:16
Маған нағашы апама тілектер жазып жібере аласыз ба

Пікір жазу