26.01.2022
  324


Автор: Жібек Ысқақова

Арыстаным, бақытты бол! (әке тілегі)

Арыстаным, құлыным, ұлым менің,
Бүгін міне үйлену тойың сенің.
Бақытты бол жарыңмен Құдай қосқан,
Шаттығымен тербелеп таңың сенің.

Арыстандай айбатты құлыным сол,
Ұзақ болсын тәп- тәтті ғұмырың сол.
Бақытты бол жарыңмен Қудай қосқан.
Қол ұстасып қарағым бақытты бол.

Бұл өмірдің сындары білінбесін,
Жаратқаным сендерге күлімдесін.
Отауларың шаттыққа толы болып,
Бұл өмірдің қиындығы білінбесін!





Пікір жазу