18.01.2022
  152


Автор: Жібек Ысқақова

10 қаңтар қаралы күн, азалы (10.01.2022)

Жаңа жылдың басында,
Елдің кетті тынышы.
Қара түнек басталды,
Тарылып ел тынысы.

Аспанды бұлт үйріліп,
Соқты қаңтар ызғары.
Жүректерді тілгілеп,
Жанға батты мұздары.

Қаншама адам қырылып,
Қаралы үй көбейді.
Үн қата алмай қиналдық,
Өксік кернеп көмейді.





Пікір жазу