17.01.2022
  461


Автор: Жібек Ысқақова

Жолың болсын, жан әпкем!

Жолың болсын, жан әпкем,
Қадамыңыз оң болып.
Бір өзіңді қолдасын,
Раббым Алла жар болып.

Оңды болып жолыңыз,
Тек бақытты болыңыз.
Айдын көлге жездеммен,
Қанат қағып, қоныңыз.

Аспаныңыз ашық боп,
Қиындықтар қашық боп.
Бақытты бол жездеммен,
Бар қуаныш нәсіп боп.





Пікір жазу