17.01.2022
  389


Автор: Жібек Ысқақова

Алтын қызым, ұзатылып барасың! (анасы)

Алтын қызым, ұзатылып барасың,
Табыстырып екі елдің арасын.
Құтты болсын әрбір басқан қадамың,
Түрлендіріп махаббаттың жағасын.

Айдай жүзің күлімдесін, жайнасын,
Шаңырағың желбіретіп байрағын.
Бар жақсыны бір өзіңе тілейді,
Анашың мен туытарың, аймағың.

Барған жерде тастай батып, судай сің,
Тереңінен тамыр жайып гүлдерің.
Тек бақытқа, қуанышқа бастасын,
Жаңа үйінде ең алғашқы күндерің.





Пікір жазу