17.01.2022
  831


Автор: Жібек Ысқақова

Құлыным-ау, құлыным!

Құлыным-ау, құлыным,
Ұзатылып барасың.
Құтты болсын қадамың,
Жалғар елдің арасын!
Жалтақтаумен еліңді,
Қимай бүгін барасың!

Қыз мұраты кету бұл,
Салып жолдың сағасын!
Бақытты бол, құлыным,
Ұзақ болып ғұмырың!
Барған жерді қуантып,
Желбіресін тұлымың!
Ата-енеңді құрметте,
Қалдырмағын көңілін!
Қосағыңмен қоса ағар,
Ақтап оның сенімін!
Қайынжұртты бақытты ет,
Жаздай болып жарқырап.
Шаршамағын, талмағын,
Қызмет ет шапқылап.
Шайын бергін күлімдеп,
Әдемілеп, баптылап.
Тереңінен тамыр жай,
Қызғалтақтай жайқалып.
Бақытты бол, алыстан,
Тұратындай байқалып!
Әумин!





Пікір жазу