10.01.2022
  2136


Автор: Жібек Ысқақова

Жаным туған күніңмен!

Баурап алған жанымды,
Ғашығым сен асылым.
Жүрегімнің иесі,
Ойлап жүрер жасырын.

Құтты болсын сүйіктім,
Туған күнің бүгінгі.
Қуанышын сыйласын,
Думан күнің бүгінгі.

Жаңа жасың қуантып,
Жайнасын жаз көңілің.
Жаратқаным жар болып,
Жадырасын өмірің.





Пікір жазу