10.01.2022
  1578


Автор: Жібек Ысқақова

Туған күніңмен жаным!

Жаным туған күніңмен,
Құттықтаймын бүгінгі.
Бар жақсыны тілеймін,
Беріп жырдан гүлімді.

Жаңа жасың қуантсын,
Арманыңа жол ашып.
Бар жақсылық орнасын,
Сәтсіздіктер боп қашық.

Жүрегімнің иесі,
Бір өзіңсің ғашығым.
Жаратқаным жар болып,
Аман жүрші асылым.





Пікір жазу