10.01.2022
  681


Автор: Жібек Ысқақова

9 жылдық отауымыз құтты болсын!

Біз біргеміз «тоғыз жыл»,
Құтты болсын жанжарым.
Шаттығымсың, бағымсың,
Махаббатым сен жаным.

Өмірімнің мәнісің,
Көңілімнің сәнісің.
Сүйген жарым, асылым,
Шырайлы атар таңымсың.

Тоғыз жылдық бұл отау,
Таба берсін жалғасын.
Жаратқаным жар болып,
Бар жақсысын арнасын.





Пікір жазу