10.01.2022
  700


Автор: Жібек Ысқақова

Отау құрғанымызға 9 жыл (жігіт)

Қол ұстасып бастадық жаңа өмір,
Қалаулымен жанжарым біздік көңіл.
Міне жаным тоғыз жыл боп қалыпты,
Қол ұстасып жүргелі біздің өмір.

Құтты болсын «тоғыз жыл» біздің отау,
Асыл жарым, жанжарым, ғашығым сен.
Бұл тоғыз жыл жалғассын Алла қолдап,
Сүйген жарым, асылым бір өзіңмен.

Шаңырақтың шаттығы ортаймасын,
Бала-шаға, жақынымыз аман болып.
Басымыздан жанжарым бақ таймасын,
Тыныш, бейбіт қуанар заман болып.





Пікір жазу