10.01.2022
  451


Автор: Жібек Ысқақова

Отау құруларыңмен!

Бұл өмірдің аштыңдар жаңа есігін,
Жаңа өмірге бірлесе басып қадам,
Бақыт, шаттық, қуаныш тілеп жатыр,
Шын жүректен сендерге барлық адам.

Жас жұбайлар әр күннен бақ табыңдар,
Қуаныңдар, жайнаңдар, шаттаныңдар.
Жаңа өмір әкелсін бар бақытын,
Жақсылығын өмірдің мақтан қылар.

Қос жүректің лүпілін тыңдап бірге,
Қос аққудай жүзіңдер айдын көлде.
Жүздеріңде қуаныш, нұр ойнасын,
Сәттіліктер жалғасып жаңа өмірде.





Пікір жазу