10.01.2022
  275


Автор: Жібек Ысқақова

Туысқандар болшы аман!

Туысқандар болшы аман,
Күндер көп боп жарқыраған.
Әр күніңіз нұрлы болсын,
Жаратқаным жар боп Аллам!

Туысқандар болшы аман,
Сәтті болып әрбір қадам.
Аспан ашық, күлімдесін,
Бақытты боп барлық адам.

Туысқандар болшы аман,
Әр күн сайын артып бағаң.
Мерейлерің үстем болсын,
Аман болып бала-шағаң.





Пікір жазу