10.01.2022
  486


Автор: Жібек Ысқақова

Ағайындар, бар болыңдар!

Ағайындар, бар болыңдар,
Сыйластықта жанданыңдар.
Бір-біріңді құрмет етіп,
Жақсылыққа жар болыңдар.

Ағайындар, бар болыңдар,
Арайлы атар таң болыңдар.
Намысымды қамшылайтын,
Абыройлы ар болыңдар.

Ағайындар, бар болыңдар,
Ең бақытты жан болыңдар.
Мықты болып саулықтарың,
Шырқалатын ән болыңдар!





Пікір жазу