10.01.2022
  292


Автор: Жібек Ысқақова

Ағайындар сөздері жанға азық!

Ағайындар сөздері жанға азық,
Мұңайғанда риясыз нәр беретін.
Қуанышта, шаттықта бірге болып,
Ағайындар әндете тербелетін.

Ағайындар, бауырлар болшы аман,
Күндеріңіз көп болып жарқыраған.
Бауырымыз бүтін боп, бір болайық,
Сыйластықта сәтті боп әрбір қадам.

Көңілдерің шаттығы ортаймасын,
Ағайындар арасында ат көп болып.
Абысындар көп болсын сыйласатын,
Қуанышта берілер ас көп болып.





Пікір жазу