10.01.2022
  291


Автор: Жібек Ысқақова

Ағайындар, аман бол!

Ағайындар ардақты, кеңпейілді,
Мінездері салмақты жүрегі ақ.
Өздеріңмен көңліміз жанданады,
Күн күлімдеп, орналып жайма шуақ.

Ағайындар аман бол, сен аман бол,
Алла жар боп сендерге, әркез қолдап.
Бұл өмірдің шаттығына бөленіп тек,
Жүріңіздер шынайы сәлем жолдап.

Шад-шадыман жүздерің мұңаймасын,
Жанарларда күлімдеп, нұр ойнасын.
Ағайындар бір-бірін қолдап әркез,
Бақытты боп қашанда той тойласын.





Пікір жазу