08.01.2022
  2347


Автор: Жібек Ысқақова

Зейнеткерлік жасыңыз құтты болсын әпке!

Гүл әпкем-ау, гүл әпкем, гүл жайнаған,
Өзіңізбен құлпырады бар айналам.
Зейнеткерлік жасына кеп жеттіңіз,
Әр күнінде жеңісті нұр ойнаған.

Құтты болсын жан әпке зейнеткерлік,
Бар жақсысын сыйласын өзіңізге.
Саулығыңыз мықты боп асыл әпке,
Бар қуаныш сыйласын жүзіңізге.

«Әр күніңіз шаттықта жалғансын» деп,
«Бар қуаныш өзіңізге арналсын» деп.
Тілеймін мен асыл әпке өзіңізге,
«Раббым Алла, Жаратқан жар болсын» деп.





Пікір жазу