08.01.2022
  3044


Автор: Жібек Ысқақова

Зейнеткерлік жасыңызбен құттықтаймын!

Зейнеткерлік есік ашты мінеки,
Пейнетіңіз жемісін сыйлап сізге.
Зейнеткерлік сыйласын қуанышын,
Әр күніңіз шынайы күліп сізге...

Табиғаттың сезініңіз самалдарын,
Көктемгі леп тербелеп жаныңызды.
Жадырасын жаныңыз жаздай жайнап,
Шуақты қып атырып таңыңызды.

Саулығыңыз мықты боп, шаршамаңыз,
Бұл зейнеттің сезініп рахатын тек.
Амандықта, саулықта жүз жасаңыз,
Әрбір күні шаттана, сіз күлімдеп.





Пікір жазу