04.01.2022
  10606


Автор: Жібек Ысқақова

Асыл жарым, туған күніңмен!

Жүрегімнің иесі сен жаулаған,
Отағасы үмітімді жалғаған.
Құтты болсын туған күнің бүгінгі,
Бір өзіңе бар жақсысын арнаған.

Есік аштың жаздың жайма күнінде,
Мінезің де жайдарлы алар баурап.
Раббым Алла жар болсын тек өзіңе,
Арайлы да шаттықты таңын жалғап.

Жаңа жасың қуанышқа бөлесін,
Асыл жарым, сүйгенім сен аман бол.
Әрбір күнді сыйласын Жаратқаным,
Қуанышы, бақыты, шаттығы мол.





Пікір жазу