04.01.2022
  216


Автор: Жібек Ысқақова

14 ақпан, ғашықтар күнімен жаным (жігітке)

Пәк сезімнің тербейді бұл жанымды,
Жандүниеме ерекше нұрын шашып.
Ғашықтардың күнімен құттықтаймын,
Сүйген жаным өзіңе құшақ ашып.

Әулиелі Валентин күні бүгін,
Қос ғашықтың жүрегі бірге соғар.
Махаббаттың шынайы үні бүгін,
Ғашықтардың тілегі қабыл болар.

Валентиннің күнінде хат жазамын,
Жүрегімде тербеліп асқақ әнім.
Мен өзіңді мәңгілік сүйіп өтем,
Жүрегімнің иесі — сені жаным.





Пікір жазу