03.01.2022
  232


Автор: Құрманбай Толыбаев

ҚАЙТАР ЖОЛДА

Шаруаға үйір елдің алды шөп шауып, қыстың қамын ер- терек жасау үшін жайлаудың шөбі сарғайғаннан-ақ етекке қайта


көше бастаған. Өйткені одан әрі егін орып, астық жинайтын мезгіл де жалғасады. Жайлаудың шөбі сиреп, сары жұрт тартқан. Қаби ауылының жігіттері де жылдағы әдеттеріншс арнайы жиналған айран-қатықтарын мініс көліктеріне теңдеп, ойға түсіп кеткен.


Әсет те тықыршыды. Жер қара, күн жылыда Тарбағатай жағына жетіп, одан әрі еліне асып кетудің жайын ойлады. Алайда, Қаби жіберуге қимағандай біраз күнге аял сұраған. Сондықтан амалсыз тосылған. Бұл күні Әлібек адам жіберіп арнайы шақыртыпты. Көңілі жарасқан ақжарқын кісінің қалауын құп алды да, Әсет бастады, Қаби қостады. Бұдан Мұқатай жаңа бір қызық күтті. Әлібектің өзі атқа мініп, ауылынан бір-екі жота бері асып келіп, тосып жүр екен.



  • Жайлаудың балбырап тұрған шағында Қабылбайдың лаңы елді бірталай дүрбелеңге салды, – дейді Әлібек кінәлі адамдай қинала ренжіп. – Бүкіл елдің Әсеті едің, әздектей алмадық. Енді қайтқалы жатыр деп естідім. Бір-екі күн жатып, мейманым бол!..
  • Әлеке-ау, әр ауылдан думандатып қайтқан сайын айналып келіп өзіңді таппаушы ма едім?

 



  • Ту сыртыңнан біреу кіжіңдей желкелесе, ас бата ма? Көңіл қобалжыса, көкейде күй қала ма?..
  • Айтпақшы, – деп орағытты Әсет оның нені меңзегенін түсініп. – Қабылбай мен құдасы қалай бітісіпті?
  • Адамның ішіндегіні білуің қияметтей қиын ғой. Жақсы санаған адамыңның жауыздығы жаныңды түршіктірсе, алара қарайтыныңның ақтығына қайран қаласың. Біз Бүркітбайды дөкірге, дойырға жоритынбыз. Обалы қане, байқұс бала, жігіттігін танытты. Қыз сенікі болса, ол менің емшектес бау- ырым деп, әкесінің аузын аштырмай қойыпты. Зәңгінің малын санап, алдына салып беріпті де, ырду-дырдусыз қайтарыпты.
  • Қыз табылып па? – деп, елдің ауқымын білу үшін сұрады Әсет.
  • Табылмаса да, кеткен жағының сорабын Бүркітбай сезетін секілді. Адамның жоғалғанына қайғырып, қарсұрып жүрген ешкім көрінбейді. Жалғыз Қабылбай ғана дүниеден түңіліп, өрт жалағандай түтігіп алған. Бүркітбай тастай түйілгенімен, баяғыша қам-қайғысыз, бөртіп жүр. Өзінің істеген қылығына көңілі тоқ. Қарындасы ақылды бала еді. Жасытып, қор қылуға көзі қимаған түрі бар.
  • Бүркітбайың қазақ арасындағы қатқан сіңірдей сірі салтқа қарсы шапқан нағыз батырдың өзі болды ғой.
  • Шамасы, солай-ау. Заманның да тозғаны шығар. Ойымызға кіріп-шықпаған оқиға өтіп тұр...
  • Елдің де жаңаратын мезгілі жетті емес пе? – деді Қаби бұл оқиғаның анық-қанығын біле тұра сыр шашпай. Құлағы түрік жүретінін де сездірді. – Орыс елін үш жүз жылдан астам билеп әбден сансыратқан ақпатша да, қытайды қынадай кырған Манжу хандығы да құлаған жоқ па!..

Бұлар осылайша дүние ауқымын шарлап, баяу аяңмен үйге жақындады. Жайқалып тұратын жасыл алқаптың шөбі қурап, сарғыш тартқан. Аспан бозғылт. Желсіз тымық. Сабағы сарғайған шөп жығылып, жерге жабыса жатып қалған. Көктем кезіндегі қойдың жұлма-жұлма боп сабалақтанған жабағы жүні сықылды. Меймандар мама ағашқа тақағанда Әлібек:



  • Әсеке, аттан түспей тұрып, анау тайға батаңды бер! – деді оңаша бір қазықта тықырши аласұрған тығыншықтай көк қасқа тайды нұсқап. – Сен бұл жаққа бір руды немесе бір тайпа елді ғана іздеп келген жоқсың. Осындағы қазақ атаулыны арқа тұтып, туыс санап келдің. Сол қазағыңның аруағы үшін, ата мекеніміз

 


Алтайдың абыройы үшін жолыңа шалдым бір малды! Әй, жігіттер, анау тайды бері әкеліп, көлденең тартыңдар, әумиін!.. Ауылдың үлкен-кішісі түгел жиналып, осы сәтті тосқан тәрізді, бәрі алақан жайды. Елдің ақ ниеті Әсеттің жүрегін шымырла- тып, ерекше тебірентті. Батаны да ескі сарынмен емес, өзінің


көмейіндегіні ашып айтуға ұйғарды.



  • О, жұртым, жиналған жамағат! Жайылған алақаныңа нұр жаусын! Менің батам – жүрегімді жарып шыққақ тілеуім!..

Алтынға балар тастарын, Алтайың – бағың, асқарың. Соның күллі қызығын Көре берсін жастарың!, Біріңе-бірің қорған бол, Бөлінбесін бастарың!


Темір торға түссең де, Дос-жаранды сатпағын!


Жұлдызың жансын төбеңде, Кесірмен асып-таспағын!


Қариялар, ақылмен Елді ілгері бастағын! Тосқауылға торықпай, Жолдан алып тастағын! Көкжелкесі үзіліп,


Жер жастансын қастарың! Айың тусын жарқырап, Нұрға толсын аспаның!..


Әсет бетін сипады. Жаудырай қараған мөлдір көздер күлімдеп, иірілген жұрт та қуана бет сипасты.



  • Ақ тілеуіңе рақмет, Әсетім! – деп атынан ырғып түскен Әлібек қонағының шылбырын ұстады да, ілтипатпен қолтығынан сүйеп түсірді.
  • Ал, үйге жүр енді!..

Сайланып тұрған жігіттердің біреуі Қабидың атын ұстады.


Мұқатай өзі қамданды.



  • Әй, жігіттер, – деді Қаби артына бұрылып. – Әлібектің бізді бір-екі күнсіз үйінен шығаратын түрі жоқ. Ана аттарға өздерің ие болыңдар...

Расында да, үш күн бойы Әлібектің ауылынан ән сазы үзілмеді. Ақ түйенің қарны жарылғандай бұл ауыл салтанатқа бөленген. Ойын-күлкі шалқыды да жатты. Бұл сауыққа екі күннен кейін


 


Болмыс араласты. Әсеттің аузынан естіп, әп-сәтте жаттап алды да, «Салиха-Сәменді» еміренген құштарлықпен үзілте жырлады. Әуенінің ырғағында жаныңды аялай әлдилейтін бір сағыныш сазы бар. Кейде өкси күңіренеді. Жердің беті тарлық еткендей әлдеқайдан кеңдік іздеп сарылады. Тұңғиықтан жарыққа шығып, шарқұра самғағысы келеді. Аңсағаны алыста қара үзіп қалған ар- мандай мұңға батырады. Көксегені – көз алдынан кеткені, келер күннің қуанышы.


Әуеннің бұл сырын елгезектер тез түсінді. Болмыстың бауыр басқан бауырының тағдырына ашынғаны ғой. Қайырдың ауылдан аттанып кеткеніне айдан асқан. Әлі хабар-ошар жоқ. Соны сезген Мұқатай бір серпіліс кезінде оңашалап апарып, Болмыстан сұрады.



  • Кеше Сарысүмбеге кетіп бара жатқан бір жолаушы атамның үйіне келіп қонды, – деді. Болмыс әлденеге қуанған түрмен. – Ағам сол кісіден арнайы сәлем айтып жіберіпті. Үрімжідегі бір сауда- герге қазақ ауылдарына шығып, мал сатып әкеліп беріп тұратын жұмысқа тұрыпты.
  • Аман-есен жеткен екен ғой, – деді.Мұқатай да күмәні сейілгендей көзі жайнап. – Енді әдейілеп іздеп барып, хал-жайын біліп қайтамын.
  • Ертерек емес пе?
  • Сезік тумайды, шошыма. Әсағаң қайтқалы жатыр. Мен шығарып саламын деп, ілесе кетемін. Бұл кісіні Шәуешекке жеткізіп салған соң, өзім Үрімжіге қарай жөнеп бермеймін бе!..
  • Бұл сырды ешкімге айтпаңыз!
  • Шератаға айтамын, қам көңіл ғой, қайғырмасын! Қайырдың іздейтін адамының да барын білсін!..

Уәде осыған тоқтады. Әлібек ауылындағы сауық үшінші күні түске таман тарқады. Әсет қош айтысты. Бұл ауылдан ұзай бер- генде:



  • Қабеке, қайта айналып соғып жүрмей-ақ, Шерағаңмен де қоштаса кетсек қайтеді? – деді әлдене есіне түсіп. – Қайыры жо- лаушылап кеткелі бері ат ізін салмай қойдық қой. Оның үстіне ертең-бүрсігүн мен де аттанбақпын.
  • Болсын, барайық!

Шерубай шал бұлардың ниетіне бір жасап қалды. Қауқалақ- тап, жайылып түсті. Баласының сәлемін айтып, қуанышын да жасырмады.



  • Жолың болсын, Әсстжан! – деді бір кезде оның қайтқалы жатқанын білген соң. – Әйтеуір, аз күн болса да, Сауырдың елін

 


алқадың! Алдыңнан туар күнің жарқырай берсін, қарағым! Ылғи да еліңңің аясына бөлен! Басқа не айтамыз... Адал тілегіміз осы.


Шерубай үйінен қуырдақ жеп, қымыз ішті. Күн бата қоштасып, ел орынға отыра Қабидың ауылына оралды... Ертеңіне Әлібек бір ат, Болмыс бір ат жетелеп келіп, Әсетке тарту етті. Мұқатай ағасына өзінің ниетін ұқтырып, келіскен сықылды. Әсетпен бірге ат ерттеді... қымызға қанып, ас ішіп болған соң, Әсет елмен қиыла қош айтысты да, ілгері тебінді.


Сарылып суыт жүрмеді. Қайтар жол қамықтырған жоқ. Жол бойы күзеу-күзеудегі елге түней, түстене жылжыды. Екі аптадан кейін Қобық даласын басып, Буырылтоғай қалашығының іргесіне жетіп түнеді. Сол арада жетектеріндегі үш-төрт атты сатты да, жеңілденіп алысты. Әсет Шәуешекке бұрылмай, Дүрбілжінге қарай ойысты. Ондағы ойы – шырғалаң кезде селбескен Тоқты мен Сунуазыға соғып, бір-екі күн көңілдерін ауламақ. Олар осынысын көксеп қалған-ды.



  • Күн де суып барады, – деді өзіне ілескен Мұқатайды қайрап, атымызды арытып алмайық. Онан кейін сені Дүрбілжіндегі бірі ұйғыр, бірі дүнген – екі досыма ертіп апарамын. Олар менің әнімді ести алмағандарына арманда еді. Осы жолы мейірлерін қандырып кетейін. Сол арадан сен кейін қайтарсың.
  • Жоқ, Әсаға, қыс ортасына дейін мен ауылға орала алмаспын.
  • Е, неге, мен енді көп бөгелмеймін, елге қайтамын...
  • Сізді аттандырып салған соң, өзім Қайыр мен Қамиланы іздеймін.
  • Олардың қайда екенін білуші ме ең?
  • Білемін, Шератамнан сұрап алғам.
  • Барсаң менің де тілеулес екенімді айт. «Сәлиха – Сәменді» оқып бер. Әсеттің сендерге тартқан сыйы де.
  • Амандық болса, сәлеміңізді жеткіземін, Әсаға!
  • Оған дейін талай сайран саламыз әлі. Осы дастанның арқауын құраған аңызды маған анау Бақтының бауырындағы Қоңыр төре айтып беріп еді. Дүрбілжінге барған соң бір нұсқасын көшіріп, соған беріп жіберейін. Керек қылғандарға сен де көмектес.
  • Оныңыз осындағы қазақтарға тартқан тартуыңыз болмақ!
  • Елге – шашуым. Қайыр мен Қамилаға жасауым!.. Шынын айтшы, Бүркітбай мұны шынымен сезді ме?
  • Сезген сияқты. Бірақ кедергі жасамаған. Алты ұлдың орта- сындағы жалғыз қыздың қор болатынына намыстанған түрі бар.
  • Қалай ойласан да, ер жігіт екен!..

 



  • Осылай жүрерде әдейілеп үйіне кіріп шықтым.
  • Айттың ба баратынынды?
  • Өзі білді. Көрсең Қайырға сәлем айт, жасымасын деді де қойды. Үні солғын.
  • Жінікпегені жақсы екен, – деді де, ойға шомды Әсет. Ал- ғашында оның қылығына өзі де сене қоймаған. Шолжаңдау өскен бай баласының мінезі дөрекілеу деп, ел оған салқын қарайтын. Сондай адамнан мынадай қылық шығады деп кім ойлаған, Адамның ойы мен ісі әр басқа болады екен-ау. Әкесіне ұқсамапты. Туыстың қаны намысын тырналағаны ма? Кедергінің жолын кесіпті... Бүркітбайдың осы қыры Әсетке ерекше әсер етті.

Жолшыбай ауыл-ауылға жата-жастана жүріп, ақыры Обалы жазығына шыққан. Әсет қалың ақ шилі даланы шарлай жүрді де, өзіне таныс жазықтың шалғайынан Таңғыттың ауылын дұрыс тұспалдап, дәл тапты. Әлі қар түспеген, қыс кешеуілдеп тұрған соң ба, ел қыстауға көше қоймаған. Мал Жазықтың боз шөбіне тойғандықтан ба, шидің түбін түртпектемей көсіле жайылып жүр. Иен даланы ендей шашырап жатыр.


Күн кешкіріп қалған. Үлкен ақ үйге төте беттеген қос салт аттыдан секемденгендей сыртта жүргендердің бәрі үдірейе қарасады. Мұндай көзқарасқа жолаушылардың бойы үйреніп те қалған. Жолдағы елдің айтуларына қарағанда, осы күні жосыған босқындар да, шошаңдаған шабармандар да көбейіп кеткен. Біреуі телмеңдей телмірсе, енді біреуі ақшаңдап, ойқастай сес көрсетеді. Адам баласы біріне-бірі үстемдік етуге неге сонша құмар? Қайткен күнде де біреуі екіншісіне тізесін батырудың қыбын іздеп, тіленіп тұрады.


Шам жамырай келген жолаушыларға ауыл адамдарының одырая қарауы содан. Үлкен боз үйге тақағанда:



  • Ассалау-мұғалай-көм!.. – деген жарқын дауысты естіп, пұшпақ ішігін желбегей жамылған денелі қызыл-күрең кісі:
  • Апырмау, мынау Әсет қой! – деді жадырай дауыстап. – Атын ұстаңдар!..
  • Амансың ба, Тәке? – деп Әсет қызарыңқы беті албыраған шымыр денелі қызыл шырайлы кісімен құшақтасып көрісті. Мұқатай сәлем беріп, оң қолымен кеудесін басты.
  • Үйге кіріңдер, – деп артына бұрылған Таңғыт меймандар- ды өзі бастады. Бір жігіт түсірулі тұрған есікті көтеріп, ілтипат көрсетті. Әсет табалдырықтан сәлем беріп аттады. Мұқатай

 


үлкен кісілердің соңынан кірді. Таңғыт сыйлы ықылас білдірді. – Қане, шешініп, еркін жайғасындар...


Бұл – Таңғыттың қонақ қабылдайтын отауы. Төрге тақау қойылған дөңгелек үстелдің дәл ортасына алтылық шишалы шам қойылған, жап-жарық. Босағадан бастап оюлы текемет, төрдегі кілемді жаба көрпе төселген. Жүкаяқтың үстіне көрпе-жастық қабаттала жиналған. Ыдыс-аяқ, қазан-ошақ, өреше жоқ. Тамақ басқа үйде әзірленетін секілді. Әсет сырт киімін шешіп, оңтайлана жайғасты да:



  • Ал, Тәке, елдің жай-күйі қалай? – деп жөн сұрады. Малдас құрып отырған Таңғыт ойланыңқырады да, селқостау жауап берді.
  • Хадари хал, ел тыныш... Өзің қашан келдің бұл жаққа? Арғы беттен өттің бе?
  • Ауылыма ат ізін салмағаныма жыл жарымнан асып барады...
  • Содан бері қайда жүрсің?
  • Ол бір ұзақ әңгіме, Тәке...
  • Былтырғы жазда Қоңыр төренің ауылында жүргеніңді естігем.
  • Одан кейін Сауыр жаққа барғанмын. Содан қайтқан бетім. Жұмыр басты пенденің бұл жалғанда көрмейтіні аз екен, Тәке...

Әсет соңғы жылдары басынан кешкенін жіпке тізгендей қып ай- тып берді. Таңғыт сөзін бөлмей тыңдады да, арқырында өкінгендей басын шайқады күйініп.



  • Мына Дүрбілжінде жүргенде неге хабар білдірмедің, біз де ел едік қой?
  • Ой, Тәке-ай, сенің көңіліңдей ме бәрі. Қазақ қаңқу сөзге әуес келеді емес пе? Оны естісем жаным жасымай ма? Не де болса төзіп, амалын өзім табайын деп бел байладым. Күн жылынған соң Алтайға бет алып ем, Сауырда мына Мұқатай сықылды өрендерімнің ортасына түстім де кеттім. Ел әніме құлақ тосты. Солардың демеуімен еңсем қайта көтерілді. Бұл жігіт Дәулеткелді деген күйшінің баласы, талапты әнші. Мені осы ауылға дейін шығарып салып келеді.
  • Өркенің өссін, қалқам!.. Бұл ағаңнан өнеге үйренсең
  • жерде қалмайсың...

Қолға су құйылып, дастархан жайылды. Әсет жолай еміс-еміс құлағы шалған сыбыстардың жай-жапсарын анығырақ білуге ынтықты.



  • Арғы беттен не білесің, Тәке?
  • Ақ патшаның тағын құлатып, Сәбет өкіметі орнапты. Бірақ ақтардың ескі билікті жақтайтын әскери төрелері елге тыныштық

 


бермей жатқан көрінеді. Семейден шыққан бір атаман Мақаншыдан бастап бүкіл Жетісуды шарлап жүрген көрінеді. Елді шауып, мал-мүлкін талап алады екен. Жанын сақтап, бас сауғалау үшін елдің көбі өз мекенін тастап, бет-бетімен тұс- тұсқа қашыпты...



  • Е, ел тозған екен ғой басын бұлт шалып. Енді тез қайтпасам болмас...
  • Алдымен анық-қанығын біліп ал. Бәлкім, сенің ауылың да осы жаққа ауған шығар.
  • Оны маған кім айтады?
  • Осында Мақаншы, Алакөл төңірегінен ауып келгендер бар.

Ауыл-аймағыңның жай-жапсарын солардан сұрастыр.



  • Менің үйім Тоқта тауының етегіндегі Көктұма маңындағы қалың шиді қыстаушы еді. Сол тұстан келгендер табыла қойса... Әсет қатты қайғырды. Ойпырау, неғылған еренсізбін, ар- тыма қарайламағаным қиянат-ақ болды. Мұндай күйінішті кім ойлаған. Дүрбелең, үркіншілік заманда әлдекімнің кәріне ілініп босқындар табанының астында тапталып қалды ма? Ел-жұрт бар дегенмен, торғайдай тозғындап кетсе, кімге кім қарайласушы

еді?..


Өзегі өртенді. Ас ішіп, сыртқа шыққан соң да санасы санға бөлініп, ішкені – ірің, жегені – желім тәрізденіп, жүрегі қобалжыды. Ақырында қайткенде де сол маңнан өткен біреуді тауып, ел жайын білсем-ау деген зарлы ой тыныштық бермеді... Әсеттің қатқан қабағынан қасіретінің табын сезген Таңғыт:



  • Мына Емілдің бойында Жарбұлақтан бері ауған бір кісі бар, – деді ойын дөп басып, үмітін жалғау үшін. – Ертең соған барып жолық.

Бұл түні Әсеттің ұйқысы шала болды. Ерте тұрып, сыртқа шықты. Жалпақ жазыққа таңғы шапақ шашырай бастаған. Жусап жатқан сиырлар күрт-күрт күйсейді. Қорадағы қой да өрмеген. Бой жазып, сергу үшін ақ шидің ішін аралады да, ұзаңқырап барып қайтты.


Шайдан кейін өзін қадірлеп отырған Таңғытқа:



  • Енді арғы беттен келген біреуді тауып, елдің күй-жайын білмесем, жаным жай табар емес, – деді Әсет тыпыршып.
  • Қайта соғасың ба?
  • Келемін, Тәке. Бұдан әрі не істейтінімді ақылдасамын. Әсет пен Мұқатай аттанып кетті. Таңғыт айтқан тұспалмен

Еміл суының бойындағы қалың шілікті бір иінге барды. Сол


 


арада жерден ұраша қазып, баспана жасап алған бірнеше үйді тапты. Жөн сұрасты. Бұлар Жарбұлақтың бергі жағындағы Барлықтауының қойын-қойнауын мекендеп жүрген адам- дар болып шықты. Ақтардың талан-таражына ұшыраған соң жан сауғалап босып кетіпті. Жалақтаған жауды қанды балақ қарақшылар деп қарғыстарын жаудырды. Ал, Алакөлдің жағасын мекендеп жүрген елдің көбі Тоқта тауынан асып, Бұраталаға қарай көшкен көрінеді. Әсеттің атақ-даңқына қанық болғанымен, бала-шағасының не күйде екенін ешкім біле ал- мады.



  • Келесі түбекте Ақшидің өзінен келген бір жігіт бар. Жү- ріңіз, ертіп апарайын. Сол бірдеңе білетін шығар, – деді топтың ішінен ілгері таман аттаған орта жастағы жадау кісі. Жол соқтылықтан ба, өңі қоңырқай тартқан, артқы етегі желкесін жапқан елтірі тұмағын баса киген. Қара ішігінің өңірін екі қолымен қаусырған тұлғалы шал:
  • Сөйт, Қажыбай, бұл кісілер Бозтайдың кепесін іздеп әуре болмасын, – деді пейілді кісілікпен. Қажыбай жер қорадан қарны қампиған арық кер биені жетелеп шығарды да, тоқым салып, жайдақ мінді. Әсетті ілестіріп, судың бойын жағалай төмен құлады. Бір иіннен қалың көк талдың арасына қарай бұрылды. Тоғай ішіндегі аумағы жүз қойдың қорасындай алаңқайдан бос топырағы қопсыған төмпешік көрінді. Ат тұяғының дүбірін естіген соң ба, әлде, бірдеңеден секемденді ме, көртышқанның ініндей бір қуыстан инелікше имиген арық қара кемпір сыртқа шықты. Күн салып үрейлене сығырайды. Ол есін жиып үлгергенше, атты кісілер таяп келді. Басқадан бұрын Әсет:
  • Есенсіз бе, бәйбіше? – деп амандасты жылы шыраймен. Жіптіктей сұлу құла қасқаның үстіндегі кісіге қадала қараған кемпір аңырып тұрып ернін сылп еткізді:
  • Әкем-ау, мынау Әсет ақын ғой...
  • Иә, бәйбіше, мен Әсетпін, мал-басыңыз аман ба? – деп аттан түсіп еді, кемпір еңіреп келіп бассалды.
  • Қарағым-ау, сен де осындай күйге түстің бе? Ел- жұрттан айырылып, қаңғып қалдық қой... Үріккен аң құсап бұта түбін паналадық...
  • Сабыр, бәйбіше, сабыр етіңіз!..

Жер үйден қара елтірі тұмақ киген, жағы сорайып суалған бозбала шығып сәлемдесті де, Әсеттің атын ұстап, қазыққа байлады. Мұқатай да, Қажыбай да аттан түсті.


 



  • Бозтай, Әсет ағаңды үйге кіргіз, – деді кемсеңдеген кемпір кимешегінің етегімен көзінің жасын сүртіп.
  • Бері жүріңіздер, – деп, түбіт мұрты қылтия бастаған жігіт жерден қазып, есігіне киіз жабылған қуысты нұсқады. Шотпен жонылған тақтайдың қию-жақтауы арса-арса. Ішінен тағы да құрым киіз ұсталған. Күн жақтағы алақандай төрт бұрышты тесіктен саңлау түскенімен, ұядай қуыстың іші қара көлеңке.

Жөн сұрасып, арғы-бергіні ұғысқанда Бозтай Алакөлдің Ақшиінен ауыпты. Шешесі екеуі ғана екен. Жалғыз атпен зорға жетіпті.



  • Осы жазда ақтардың әскері елді қынадай қырды, – деді Бозтай көрген-білгенін айтып. – Ел жансауғалап жан-жаққа босты. Мен жалғыз үй қалғамын. Алатын малым жоқ, неменеге қорқамын деп ойладым. Бірақ күні-түні тіміскілеп зықымды шығарды. Амалсыздан көрпе-жастықты жалғыз атқа арттым да, осылай тарттым. Барар жерім жоқ болған соң осы тоғайды паналадым. Жинаған шөбім тағы жоқ, жалғыз атымды бұтаның түбін аршып жайып, қыстан шықсам ба деймін. Қурап қалған бұталарды жинап, курай теремін де, ара-тұра базарға апарып сатамын. Соған талғажу қылатын тары-талқан әкелемін...
  • Ал, Қаумен ауылының қалай көшкенін білесің бе?– деп сұрады Әсет өз үйінің қалай кеткен тұспалын топшыламақ боп.
  • Қаумен атамдар Тоқтадан әрі Бұратала асып кетіпті. Сіздің үй де бірге көшіпті деп естігемін.
  • Сол анық па?
  • Ауылдың орнында адам қалған жоқ, нобайы солай.

Сол жақтан іздеңіз. Қашан кеткенше, Қаумен атамның жұртынан қыбырлаған кісі көрген емеспін.



  • Жақсы, түсіндім, Бозтайжан, – деді Әсет қобалжытқан күдігін басуға ілік тапқандай. – Әйтеуір, сорабына түстім білем. Енді біз жүрелік.


  • Шырағым-ау, куыс үйден құры шықпаңдар, шай ауыз тиіңдер, қайнап қалды, – деді кемпір сыртқа қайта шыққан кісілерге қалбалақтап.
  • Әуре болмай-ақ қойыңыз, бәйбіше...
  • Енді қайттім, тамақ та ауыз тигізе алмадым-ау... Әй, қу Құдай, құрттың-ау – деп кемпір ботадай боздады. Әсет зарлаған кемпірді жұбатты.
  • Қайғырмаңыз, бәйбіше... Бозтайыңыз сізді жүдетпейді. Ер жігіт басынан не кешпейді. Бозтай, сен де қамығып жасыма.

Әлі-ақ ел қатарына қосылып кетесің. Аман бол!


 


Әсет қош айтысып аттанып кетті. Іштей күйзелгеннен басы әңкі-тәңкі. Не істерін білмей әлек. Көлінен адасқан үйрекке оңайшылықпен бұлақ та кездесе бере ме? Елдің іргесі шайқалған түрі бар. Қайран Жетіарал иесіз қалғаның ба? Жоқ, елсіз жер болмайды, иесіз ел болмайды. Қу мекиен шөлден де жан иесі кездеседі. Ақ патшаның тағын шаққан ерлердің орнатқан Советі әлі жас. Бірақ елді де қорғауға тиіс. Шет аймақтағы қорғансыз елді тонап жүрген бүлікшілердің де құритыны анық. Өзіне қас- тық жасағандарды халық та аямайды. Жақсылығың болмаса, халық жеркенеді... Елдің босқаны – жанын сақтаудың амалы. Соғыс бітіп, тыныштық орнаса, ел де өз жұртына қайта қонады. Құс екеш құс та өз ұясына оралмай ма?.. Сол ғұрлы жоқпыз ба? Аттары жарау Әсет пен Мұқатай салпаң жүрісті кер биеден едәуір озып кеткен, қайда бет алғаны белгісіз, иен далаға шығып барады. Әсеттің күйіне толғанып, ештеңені сезбеген кейіпте


сенделген түрін байқаған Мұқатай:



  • Әсаға, ендігі беталысымыз қай жақ? – деп сұрады ойдан арылту үшін. Әсет атының тізгінін тартып тұра қалды да ұйқыдан оянған адамша айналасын шолды.

Барлыққа қарай ойысыпты. Сәлден кейін атының басын оңға бұрды.



  • Бүгін Таңғыттың үйіне қонып, әңгіме-дүкен құралық, біраз көңіл ашалық...

Бұлар келгенде Таңғыт үйінде екен. Әсеттің қайта оралғанына қуанып қалды. Өйткені қабағы жадыраңқылау көрінді. Жақсы- лықтың нышаны байқалған тәрізді. Әйтпесе күйгелектеніп, күйініштен ала көзі қызарып кетер еді.



  • Қане, бір жақсылық ұқтың ба?
  • Қуанатындай анық бір дерегі жоқ. Әйтсе де біздің ауыл Бұраталаға асқан көрінеді... Бар білгенім осы-ақ.
  • Бағыт-бағдарының сорабын тапқаныңның өзі үлкен ғанибет емес пе? Көңілің орнықты ғой? Енді албаты абыржи берме. Бұратала осы арадан салт атты кісіге бір-ақ күндік жол.
  • Сол күніңнің өзі маған жылдай көрініп тұр-ау, Тәке.
  • Асыққанда ол да бар. Бірақ сабыр да керек. Кеше кештеу келдің де, сыбағаңды жей алмадың. Үй ішіңнің ізін тапқаның да қуаныш. Соны құттықтап, бүгін тартайын сый табағыңды.
  • Ойым он саққа ауытқып, мен де көңіліңді аулай алмадым. Ондайда әннің де сәні келе ме? Бүгін аз да болса ойым орнықты. Ән тыңдауды қаласаң, біз әзірміз.

 



  • Әсеттің әруағы әнімен айбынды емес пе? Одан қалай бас тартамыз. Аңсап отырғанымыз рас.

Қой сойылып, ауылдың қариялары бас қосты. Шай үстінде Әсеттің қолдауымен Мұқатай біраз ән салды. Астың алды- артында Әсет те бір талай көсіліп алды. Ел жатарға таяғанда:



  • Менің жаңа жазған дастаным бар. Енді Мұқатай соны оқып берсін, – деді жаңалығын айтып. Тыңдаушыларының не айтатынын білгісі келді ме, әлде тынығып алмақ болды ма, отырыстың бетін бұрды. Қариялар жаңа сөз естуге ынтығып, қауқылдаса бас шұлғыды. Мұқатай домбырасын баптады да, қоңыр әуенмен «Салиха-Сәменді» сорғалата жөнелді. Осы кез- де қариялардың рұқсатымен біраз жігіттер мен бозбалалар да босаға жақтан орын алған. Бәрі де үн-түнсіз. Әлденедей ойға шомған. Жыр аяқталғанда:


  • Алтайдың ауасы жаққан екен, – деді Таңғыт сүйсінген раймен. – Қиссаларыңда ылғи араб елдерінің адамдары болушы еді. Өз жерімізге, өз салтымызға ойысқан түрің бар.
  • Араб ертегілері жат па? Онда жақсылық салтанаты, зұлымдық шиыры именбей айтылады. Сол ізбен мен де адамның ізгілігін ардақтауды ойлаушы ем...
  • Бірақ басқа біреудің басынан кешкенінен гөрі, ел өзіне таныс жайларға кебірек әуес. Оған тез түсінеді.
  • Мына дастанның әлгіндей сипаты бар ма?
  • Бар, ұғымға жақын. Қазақтың санасын түрткілейтін көсеуі астарында жатыр. Маған көшіріп берші, балаларға оқытып, тыңдап жүрейін. Ден қойғандарға тәлім болар!
  • Айтқаныңды орындаймын...
  • Тәңір жарылқасын, Әсетжан! – деп атжақты шалдың иегінің ұшындағы шошайған сақалы шошаңдап еді, басқа қариялар да ықыластарын жаудырып, орындарынан түрегелісті.

Ертеңіне Таңғыттың өтініші бойынша, Әсет пен Мұқатай оңаша қалып, түске дейін дастанды көшірді. Түскі ас үстінде Әсет:



  • Тәке, мынау өзіңе, – деп қағазы сарғыш дәптерді ұсынды.
  • Ал мынаны қатынаған кісіден Қоңырға бере сал, аманат. Өзімнің бара алатын түрім жоқ. Бүгін Дүрбілжінге соғып, әлгі өзіңе айтқан достарыммен дидарласамын да, одан әрі Бұраталаға тартамын.

    • Олай болса, бұйымтайынды айт.
    • Берем десең, алмай кеткенім Таңғыт атыңнан ұят шығар. Ат мінгізіп, түйе жетелетпей-ақ қой. Екі қой өңгертсең – разымын.



 



  • Е, онда жараң жеңіл екен, – деп күлді Таңғыт. – Мен қырық шұбар тайын даулай ма десем...
  • Оны әзірше сен баға тұр, – деп әзілге басты Әсет. Жақыныңда бардың зияны тие қоймас.
  • Мейлі, қалауың білсін. Жиеннің назасына қалма дейді ғой қазақ. Разы боп, қалағанынды ал.

Дастарқан жиналған соң Әсет пен Мұқатай атқа қонды. Екеуінің алдына балықтай былқылдаған екі құнан қой өңгертті.



  • Қош, аман бол! Жақсылықпен көріселік, – деді Әсет тебініп.

Әлдене ойланғандай Таңғыт сәл үнсіз тұрды да:



  • Әсет, алда-жалда қонысың жайсыз болса, хабарлас, – деді ықыласын сездіріп.
  • Е-с, оны бара көрерміз...

Сұлу құла ілгері жылжыды. Жайнаң қаққан жылпың қарамен Мұқатай да қатарласты. Сол беттерімен ауылдан алыстай берді. Мидай жазық ақ даланы қақ жарып, желдей есті. Әлден уақытта Еміл суының иін-иініндегі жалаңаш тоғайдың шоғырлары қарауытты. Оның арғы тұсынан қадау-қадау ағаш көрінеді. Жақындаған сайын сол ағаштардың арасынан соқпа тамдардың дуалдары тізбектелді.


Дүрбілжінге күн еңкейе іліккен. Қисық-қыңыр көшелерді ара- лап келеді. Бір жақ қапталындағы арықта үлкен су ағып жатқан жалпақ көшеге түсті. Соның бойындағы Тоқтының өзіне таныс мыжырайған наубайханасының алдына тоқтады. Аттан түскен Әсет шылбырымен қойды қалқаның астындағы діңгекке байла- ды. Балпаңдай адымдап барып, есіктен сығалады.



  • Кіруге рұқсат па? – деп, баяғы алғаш келген кезіндегідей жабырқаңқы дауыспен үн қатты. Тандыр басында мүлгіп отыр- ған наубай самарқау басын көтерді.
  • Кіріңіз, не шаруаңыз бар еді?
  • Оу, Тоқты, аман ба, немене, танымай тұрмысың?
  • Әсетпісің-ей! – деді де, наубай орнынан атып тұрды. Қасына жеткен бойда қапсыра құшақтай алды. – Сені келеді-ау деп кім ойлаған. Азамат екенсің, айтқаныңды орындадың!.. Ат-көлігің аман ба? Әй, жігітсің-ей!..
  • Өзіңнің хал-жайың қалай?
  • Біздікі баяғы нанның күйігін, астың сұйығын ішетін заман ғой өзгермейтін. О, өзің әжептеуір әрленіпсің. Айтпадым ба, қазақ баласы қырға шықса түлкідей түлейді.
  • Бері жүр, кең жерде сөйлесейік, – деп Әсет қалқаның астына таман сырғыды.

 



  • Болсын, даланың баласына мына қуыстың тарлық ететінін де білемін...

Екеуі қалқаның астына келді. Ат үстінде тұрған Мұқатай наубайға сәлем берді.



  • Мына бала менің Алтай жақтағы Сауырдың баурайынан тапқан жанашырым, Мұқатай деген жігіт.
  • Жақсы, жақсы... Кештетіп қайдан жүреің, қайда барасың?
  • Сені іздеп келдім...
  • Тіпті жақсы, құшағым ашық!
  • Мына қой саған арнаған қырдың сарқыты.
  • Ой, рақымет!.. Жоқ – жомарттың қолын байлайды дейді ғой қазақ. Мәрттігіңді сезіп ем-ау, шынымен таныттың!..
  • Қолың бос па?
  • Бай боп көргем жоқ, кедей боп өлгем жоқ. Сен келгенде та- стадым бәрін де. Не істейін?
  • Мына қойды дүкеніңнің ішіне кіргізіп байла. Сонан соң үшеуміз Сунуазының үйіне барып, анау қойды соямыз да, таң атқанша әңгіме-дүкен құрамыз...
  • Құп болады! Әзірше бұл қойды көршінің қорасына қамай тұрайын. Қаланың шетінде бір жолдасымның үйі бар. Ертең сонда барып тамаша жасайық!
  • Сабыр ет, Тоқты. Үйтіп шабылма. Оның үстіне менің өте тығыз шаруам бар. Бүгінгі түнді бірге өткізгеніміз де зор ғанибет.
  • Асықпа, бәрібір күн өтеді, жел еседі. Уақыт та сол тектес, қайта айналып соқпайды.
  • Оның дұрыс-ау, – деді Әсет ақжарқын досының көңіліне бағып. – Бірақ арғы беттегі ел жан-жаққа бытырап кетіпті. Менің бала-шағамнан нақты хабар-ошар болмай тұр. Бұраталаға ауды деген сыбыс бар. Соларды іздеп тауып алуым керек, асықпай қайтейін.
  • Тұһ, басыңа қиын күн туыпты-ау тағы да...
  • Мен осындағы қазақтың ішіндемін ғой. Сен еліңе қайтам деуші ең, мына қой жолыңа қосқаным, разы бол!
  • Көп жаса, Әсет! Сені өмірбақи ұмыта алмаспын! – деді де, Тоқты қойды көшенің қарсы бетіндегі аласа дуалмен қоршалған аулаға қарай жетелей жөнелді. Мұқатай бұлардың бірін-бірі сон- шама қадірлеген ықылас-пейілдеріне қайран. Адамдардың көңілі жарасса, туыстай боп кетеді екен-ау.
  • Әсаға, сізге ілесіп жүрген кісі ойға кіріп-шықпайтын небір қызықты да, аянышты да оқиғаларға ұшырайтын сықылды. Кез- дескен адамдарымыздың қайғы-қасіреті де, түр – түсі де әр түрлі.

 



  • Е-е, шырағым, кешелі-бері естіп-білгеніңнің бәрі менің де ойлаған ісім емес. Жүздеген жылдар бойы бір таудың бөктерінен аумай, айнала көшіп-қонып жүрген ел зобалаңға ұшырап, бо- сып кетеді дегенді кім болжай алады. Міне, енді ұясы бұзылған бозторғайдай тозғындық күй менің де басыма түсті.
  • Бұраталаға дейін бірге барайын, Әсаға! – деді Мұқатай адасқан қаздай сансырағанына іші ашып.
  • Жолыңнан қалма, Мұқаш... мен бір көшкен керуен сықыл- ды адаммын. Үйімді таба алмасам, тағы қалай аунарым белгісіз.
  • Әй, достым Әсет, – деп аңқылдай жақындаған Тоқты қамығып тұрғанын байқап, жұбата бастады. – Ізін тауыпсың ғой, қауышасың бала-шағаңмен, қайғыра бермесейші!..
  • Болдың ба, жүр онда, – деп Әсет естімеген кісіше атына мінді. – Кел, менің артыма мінгес.

Екі адамның салмағын ауырсынғандай кербез құла қайқа- лақтай аяңдады. Күн еңкейіп барады. Көше-көше көк түтін. Өрістен қайтқан малдың тұяғы борпылдақ шаңды тозаңдата сапырады.



  • Күз түскелі бері жаңбыр тамбай тұр, – деді Тоқты шаңның себебін ұқтырғысы келгендей. Әсет өз ойының ауанында.
  • Сунуазыны көріп тұрасың ба?
  • Кеше ғана базарда кездескем, үйінде шығар. Қалашықтың оңтүстік жақ шетіндегі Сунуазының қақпасы ашық тұр екен. Қос аттылы аулаға кіргенде айырын ұстаған күйі мал қорасы жақтан өзі шықты да, бері қарай жүрді. Тоқты аттан сырғып түскенде Сануазы ат үстіндегі Әсетке қадала қарады.
  • Асса-лау-мәликем, Әсет аға! – деп, қасына тақады. Аттан қарғып түскен Әсетпен төс қағыстырып амандасты.
  • Аман ба, айналайын, балалардың дені сау ма?
  • Аман, бәрі де сау-саламат, Әсет аға! Өзіңіздің хал – жайыңыз қалай?
  • Құдайға шүкір, жортып жүрмін, міне!
  • Әй, Сануазы, – деп Тоқты жарқылдай күлді Мұқатайдың өңгерген қойын жерге түсіріп жатып. – Әсет бізге той жасап бергелі келіпті.
  • Құтты болсын, Әсет аға! Ол ненің қуанышы?
  • Сендермен аман-есен қауышқанымның өзі неге тұрады. Мынау қырдың сарқыты. Осыны сой. Бүгін түнімен сырласып, сайран салайық. Тоқты екеуің менің әнімді ести алмай арманда қалып едіңдер. Құмардан шығара кетейін деп әдейі бұрылдым,
  • Көп жасаңыз, Әсет аға!

 


Сырттағы дабырды естіп, үйден балалар дүркіреп шықты. Жалбыр шаш кішкене қара қыз жүгіріп келген бойда Әсеттің мойнына асыла кетті.



  • О, айналайын, менін қызым ұмытпаған екен ғой, – деп Әсет жерден көтеріп алды да, маңдайынан сүйді. Шыбықтай бұралған тобылғы торы келіншек:
  • Амансыз ба, Әсет аға, қош келіпсіз, – деп сыпайы аман- дасты.
  • Көп жаса, келінжан! Бақытты бол! Өзің де амансың ба?..

Мұқатай екі атты жетелеп барып төбесі жабық лапастың астына байлады да, тартпаларын босатып қойып, қайта оралды.



  • Үйге кіріп шешініңіз, Әсет аға, – деді Сунуазы өзі жақсы білетін қазақы салтпен құрмет көрсетіп. Тоқты сыртта қалды.
  • Пышақ бере сал. Мен Әсеттің бізге арнаған сыбағасын сойып, етін боршалап берейін. Сен қонақтармен әңгімелесе тұр. Сунуазы қонақтарды мейманханасына ертіп апарды да,

жердегі кілемнің үстіне ұзынша көрпешелер жайды.



  • Кәдімгі қазақшалап отырайық, ә, Әсет аға! – деп күлді ойын сездіріп.
  • Е, жарап жатыр, – деп Әсет сырт киімін шешіп, босағадағы тақтайға қағылған шегеге ілді. Өз үйіндей еркін қимылдайды. Мұқатай да жеңілденді. Сунуазы сопақтау жатаған үстелді ортаға қойды да, үстіне дастархан жапты. Әсет орнынан қайта түрегелді. – Біз сыртқа шығып, жуынып алайық.

Тоқты қойдың терісін іреп те үлгеріпті. Үйден қайта шық- қандарға күле қарады.



  • Немене, сартқа сенбей қазақтардың өзі шыққан ба? – деп әдеттегі қуақы әзіліне басты. Жанап өтіп бара жатып Әсет те есесін қайырды:
  • Бір қойға әлі келмесе, сарттың несі адам?
  • Бәсе, соны айтпасаң Әсет болармысың, – деп қарқылдай күлді Тоқты. Ат қора жаққа дейін барып бой жазған Әсет пен Мұқатай қайта оралғанда, Тоқты қолына жұққан қанды шайып жатқан. Бұлар да қол жуып үйге кірді.

Жатаған үстелдің үсті алуан түрлі тағамға толыпты. Аздан кейін Сунуазы божылдаған самауырынды, Тоқты ақ шәйнекті ала кірді. Дүнген салтында еркектер арасына әйелдердің бас сұқпайтынын Әсет білетін. Бір-екі кесе шай ішкен соң Сунуазы шығып кетті де, келімдәрі мен қызылбұрыштың иісі бұрқыраған қуырдақ алып кірді.



  • Ет піскенше ермек ете тұрыңыздар, – деп мезірет етті.

 



  • Мынау Мұқатай мені сонау Алтайдың етегінен бері ертіп келеді, – деді Әсет сөз бастап. – Әнді жақсы салады.
  • Тоқтыны білмеймін, – деп әзіл тастады Сунуазы. – Өзім қазақ әні мен өлеңіне әуеспін.
  • Әй, өйтіп шалма, мен кейін араластым, – деп дауласты Тоқты. – Сен осында туып, біте қайнасқан адамсың, артық- шылығың сол.
  • Иә, бозбала кезімде тойдан қалмай, қыз-келіншектермен де айтысушы едім.
  • Ендеше сен де осал болмадың... – деді Әсет барлай шолып.
  • Қайбір тапқырлық дейсіз. Жаттап алған қара өлеңдерді ай- татынмын. Араласып жүрген жігіттерден қалысқым келмейтін.
  • Жаттағанды қиюластырып айтуға да ұғымталдық ке- рек... – деп сүйсіне қостады Әсет. Іштей тебіренді. Адам ба- ласы ұғынысса бірін-бірі жатсынбайды екен-ау. Барлық пәле паңдықтан, менмендіктен, біреуді кемсініп, қорлаудан туатын сықылды. Мына жігіттерде ондай пиғыл жоқ. Жастайынан басқа жұрттың балаларымен араласып, солардың мінез-құлқына сай қарым-қатынас жасап әдеттенгендікі шығар.
  • Әсет аға, енді әніңіздің өрнегін де, даусыңызды да ести отыралық, – деп өтінді Сунуазы қысықтау көзі жылтылдап. Қоңырқай жүзіне қан жүгірді.
  • Сол үшін әдейі қайта оралған жоқпын ба! – деп, Әсет қоржынынан бүктеулі домбырасын шығарды. Бөлшектерін орын-орнына орналастырды да, сыналарын бекітіп, құлақ күйін келтірді. Домбыраның мұндай түрін көрмеген Сунуазы таңдана қарап қалыпты.
  • Әсет аға, осында жүрген кезіңізде де мына домбыраңыз бар ма еді?..
  • Жоқ болатын. Әлгі өзіңе айтқан зорлықшылармен атыма таласып жүргенде домбырамның қақпағы жарылыпты. Іске жарамайтын болған соң, жамбылына тастап кеткем.
  • Не деген сырға берік адам едіңіз? Кейін білдім, қазақ біткеннің бәрі атыңызды естісе сілекейі шұбырады. Ол кісі туған ағамдай болған жақын адамым деп едім, қазақтар маған бұрынғыдан да бетер үйіріліп, таныс-білісім молая түсті. Енді менің үйімде сіздің ән салып, тамаша құрғаныңызды естісе бар ғой, таңдайларын қағады тақылдатып...
  • Осы келісінің өзі төбемізді көкке жеткізген жоқ па? – деді Тоқты жайраңдап. – Мен сияқты пақыр адамның Әсеттей досының барлығы қазақтар арасындағы үлкен абыройым ғой!

 



  • Сендердің кең пейілдерің, ақ көңілдерің мені де жебемеді ме? Қанатымды қайырылтпай, қиырға ұшырдыңдар. Оны ұмытсам адамдығым қайда?.. Пенделік істеу кім көрінгеннің қолынан келеді.

Осыны айтты да, Әсет домбырасын безілдете қағып, айқайға басты. Арқыраған дауыс үйдің ішін кернеп, қабырғаларды қалтыратты. Үйдің іші күмбірлеп, терезелер дірілдеді. Тоқты да, Сунуазы да таңырқай құлақ тосты. Арты-артынан арасы үзілмей салынған әндердің әуені әсем, бірінен-бірі өтеді.


Аздан кейін маңдайы тершіп, жейдесінің алқымын ағытып қойған Әсеттің даусы дауылдай гуледі. Аса зор құштарлықпен айтқаны сонша бірде құйқылжыта мәнерлесе, бірде үзілдіре сы- зылтады. Ән сол құбылмалы сазымен жүректің қылын шертеді. Әсеттің мұндай шалқып, толғана ән салғанын Мұқатайдың да алғаш байқауы еді, сүйсіне тамсанады. Бұл кісінің іркіліссіз самғайтын сәті аса бір көңілденген кезінде ғана болады екен- ау. Өзінің ауылында да, жолшыбай да, тіпті Таңғыт үйінде де тап мұндай ақтарылғанын сезген емес. Әлде мына адамдардың шынайы ықыластары жебеді ме? Бәлкім, елдің мұңы, кешегі босқын адамдардың қайғы-зары, бала-шағасын сағынған арманының кеудесіне сыймай ақтарылғаны ма? Әйтпесе, қарсы алдындағы достарына көрсеткен құрметі ме? Адамдардың ақ пейілі ақындарға қанат бітіре ме? Досқа деген ықылас та бір шалқар көл сияқты екен-ау, шалқыған...


Кеш көңілді өтті, ел орынға отыра ән тыныстады. Маңдайы- ның терін даладай ақ орамалмен сүртті де:



  • Разы болдыңдар ма, достарым? – деді Әсет әнді аяқтағанын сездіріп. Тоқты қарқылдай күлді де, орнынан атып тұрып тәжім етті.
  • Таңдайымнан дәмі кетпейтін бал жұтқыздың, достым. Жарқырап таң атқанда, балбырап күн батқанда осы әндеріңді аңсап, сені ойлаймын. Далада көкек шақырса, бау-бақта бұлбұл сайраса, құлағымның түбінде сенің үнің тұрады сыңғырлап. Енді бұл дүниеден Әсеттің әнін тыңдай алмай қалдым-ау демей, өкінішсіз өтемін...
  • Рақмет, Әсет аға! – деді Сунуазы да рахатқа бөленген мерейлі тұрмен. – Өзім өз болғалы осындағы қазақтардың ара- сынан мұндай әндерді естіп көрген емеспін. Тіпті қазақ әндерінің сыр-сипатына түсіне бермейтін келініңіз де тамсана таңырқап, алғысын айтып жатыр.

 



  • Бақытты болсын, айналайын. Қабағын кір шалмасын, көңілін мұң торламасын! Жүрегін әндей әсем сезім тербей берсін! Сонда ғана жарық дүниенің қадыр-қасиетін айқынырақ ұғынады.
  • Адамның бәрі дүние сырын сіздей түсіне алса ғой, – деп күрсінді Сунуазы.

Тілдері табысқан үш достың өзара ілтипаты, жасы шамалас Тоқтының Әсетке айтқан әзіл-қалжыңы, кейде өзінің қыжыр өмірін мазақтағандай сыңай танытуы, ашық күлкілері Мұқатайға өнегедей әсер етті.


Табақ тартылғаннан кейінгі әңгіменің беті алдағы күннің жа- йына ауды.



  • Мына Мұқатай осыдан былай қарай Үрімжіге дейін барып қайтпақ, – деді Әсет серігінің бағытын түсіндіріп. Сунуазы өрімдей жігітке барлай қарады.
  • Жалғыз өзі ме? Ол қауіпті-ау. Қазір осы өңірде де қашып- пысып жүрген ақтар көп. Айдалада кездессе, атына қызығып, жазым қып кетуі де ықтимал... Жол білуші ме ең?
  • Бұрын барып көрген жерім емес...
  • Онда тіпті қиын. Сен асықпа. Ертең мен керуен сарайына соғып, солай баратын сенімді кісілердің бар – жоғын білейін. Бола қалса, өзім ертіп апарып арнайы табыстайын.
  • Мұның табылған ақыл, айналайын, – деп қуанды Әсет. – Онда мен алаңдамай Бұраталаға қарай жүре берейін...
  • Сізге де жол серік керек, Әсет аға. Оны да сұрастырамын.
  • Естідің бе, Мұқаш, енді Сунуазы ағаң екеумізге де қамқорлық жасайтын болды.
  • Ағаға таудай алғыс айтамыз!..
  • Уақыт жетті. Балалардың мазасын алмай, жатайық, – деп, Әсет домбырасын бүктеп, қоржынына салды. Барлығы түрегеліп, далаға шықты.
  • Мен қайтайын, Әсет, – деді Тоқты қоштасып. – Білесің ғой менің жайымды. Бірақ жолықпай кетіп қап жүрме!..
  • О не дегенің, әлбетте қош айтысып кетемін!.. Тоқтыны қақпаға дейін шығарып салысты. Сунуазы бауланған беде берген екен, Мұқатай ақырға салып, аттарды жайғастырды.

Қонақ үйдегі жатаған үстел жиналып, екі төсек қатар салынып- ты. Шайы көрпе, құс жастық...


Сунуазы шаруақорлығымен, Әсет пен Мұқатай мал баққан қазақы әдетпен ерте оянған. Танертеңгі астан кейін:



  • Сунуазы шырағым, – деді Әсет әлденеге асыққан түрмен. – Біз жолдан қалмайық.

 



  • Қазір барып келейін.

Сыртқа шыққан Сунуазы нән шабдар атқа тоқым салып, жайдақ мінді. Содан шай қайнатым уақытта оралды.



  • Ал, тынған шаруа бар ма? – деп Әсет лапастың астына атын байлап жатқан Сунуазыға тақады.
  • Неге сонша асығасыз, Әсет аға? – деді жайбарақат қи- мастықпен.
  • Бұрынғыдай жайылып жүретін заман ба, шырағым. Дүние астан-кестен боп аударылып-төңкеріліп жатыр. Бала-шағамның не күйде екенін де білмеймін, бар ма, жоқ па?.. Асықпасқа амал қайсы?
  • Елмен бірге кетіпті ғой, табасыз! – деп Сунуазы сеніммен жебеді.
  • Аузыңа май, айналайын!
  • Бүгін түстен кейін Үрімжіге жүретін төрт салт атты кісіні таптым. Мұқатайды ертіп апарып, соларға тапсырамын.
  • Көп жаса, Сунуазыжан! – деді Әсет көңілі орнығып. – Бұл ісің өте жақсы болды!
  • Ал сізді Жыңға тұзға баратын адамдарға қосамын. Ертең таңертең аттанасыз.
  • О, бәрекелді! – деп қуанған Әсеттің көзі жайнап, жабыққан өңіне қан жүгірді. Жүзі ажарланып сала берді.

Түскі тамақты ішіп алған соң үшеуі де аттарын ерттеп мінді де, қалашықтың ортасына барып, даладай кең ауланың алдына тоқтады. Сунуазы аттан түсті де:



  • Мен біліп шығайын, – деп, ауланың төріндегі жатаған үйге барып кірді. Әсет қасындағы Мұқатайға бұрылып:
  • Ал, Мұқаш, айырылысар жеріміз осы ара болды, – деді дауысы дірілдеп. – Аман барып, сау қайт. Қайырға көп-көп сәлем айт!
  • Әсаға, сізді өзім іздеп тауып аламын! – деп сендірді Мұқатай ақ көңілмен.

Төрдегі үйдің есігі ашылып, бір топ адам шықты. Алды- ларына көлденең тартылған аттардың үстіне қоржындарын салды. Сунуазы жебей басып кеп атына мінді. Әлгі кісілер де қақпа алдына тақады. Орта жастағы қытайлар екен. Сунуазы бірдеңелерді айтып жатты. Олар Мұқатайға бір-бір қарап алыс- ты. Денелі, толықша біреуі:



  • Жүр, бала, – деп, қазақша сөйледі де, атын тебінді. Әсет пен Сунуазы ілесе қоштасып, келесі көшенің мүйісінде қала берді. Әсет ойланып біраз тұрды да, қасындағы жігітке мойын бұрды.

 



  • Сунуазы шырағым, саған бір өтініш айтайын.
  • Айтыңыз, Әсет аға!..
  • Кеше арғы беттен ауып келгендердің ішінен біздің ауылды білетіндерді іздедім. Еміл суының бойындағы түбектің тоғайында қартаң шешесімен бір бала тұрады екен. Жасы жиырмағы жет- пеген. Біздің Көктұма-Ақшиден келіпті. Бала-шағамды қайдан іздейтінімді де сол бала бағдарлап берді. Жерден үңгір қазып, баспана жасап алыпты. Жалғыз аты бар көрінеді. Байқаймын, жағдайы қиын сықылды. Ештеңенің қыбын білмейтін ысылмаған жас жігіттің сансырап қалған түрі бар. Бәлкім, соған қарасарсың, өзіңнің қолқанатыңа жарар. Ағалық етіп, қамқорлық жаса.

Жақсылығың жерде қалмас. Егінің бар, суың бар, қолбайлау болмас...



  • Айтқаныңыз болсын, Әсет аға, – деп көнді Сунуазы ойланбай- ақ. – Адам жалдайтын бай емеспін, өзіңіз де білесіз. Мейлі, селбесіп күн көрерміз, әйтеуір.
  • О, бәрекелді, көп жаса, айналайын!.. Солай істейтініңе өзім де сеніп ем.
  • Жүріңіз онда, осы бетімізбен барып сөйлесейік. Бозтай жер үйінің алында отын бұтап жатқан. Атты кісілерді көріп, секем- дене үрпиді. Өйткені біреулер сатқан отыныңа салық төлемесең, отын жинауға берілген қағазың болмаса, бәлеге қаласың деген. Шошығаны сол. Тақағанда барып Әсетті таныды да, жүрегі орнына түсіп, қуана қарсы алды. Сәл жүдегені болмаса, еті тірі, жауырыны жалпақтау жігітті Сунуазы көзінің қиығымен шолып өтті. Жер үйден өңі солғын қара кемпір шығып амандасты. Әсет баласына ақыл айтып жатыр екен.
  • Ал, Бозтайжан, мына жігіт менің туған інімдей болған жақын адамым. Аты – Сунуазы. Ұлты – дүнген. Сен осы жігітке қолқанат бол. Ешкімге қорлатпайды.
  • О, қамқоршы Әсетім-ай!.. – деп қуанған кемпірдің көзінен жас парлады. – Бәсе, мұңайып кетіп ең, біздің де қамымызды ойлаған екенсің ғой, Тәңір жарылқасын!..
  • Бозтай, сен енді бізбен бірге жүр, – деді Сунуазы жылы жүзбен. – Ат-арба әкеліп, жүгіңді тиеп қайт.

Бозтай тоғай жақтан арқандаулы атын әкеліп ерттеді. Үшеуі қалаға беттеді. Аулаға кірген соң Сунуазы құлағы салпиған жуас қарагер атты қаңқалы арбаға жеге жүріп, арқан-жіпті қалай бай- лайтынына дейін Бозтайға анықтап үйретті.



  • Бәрін біліп ал, – деп Әсет те тәптіштеді. Сунуазы аттың да сырын айтты.

 



  • Жуас. Тек арбаны аударып алмай, тегістеу жермен абайлап айда.

Бозтай кеткеннен кейін Сунуазы өткен қыста Әсет жатып жүрген кішкене үйдің есігін ашты да, ескі-құсқы заттарды шығарып, басқа бір үйге тасыды. Әсет әлгі үйдің ішін сыпырып, тазалауға көмектесті. Екінті шамасында үстіне шом салып, жатаған торы ат мінген Тоқты кірді аулаға.



  • Оу, Әсет, мынау сенің маған мінгізген атың, – деді арсалаңдай күліп. Тандырдың табы сорған бозарыңқы өңіне қан жүгіріп, әрі кірген. Жалын шарпыған кірпігі дөңгелек көзінің айналасына күйген қылдай жиырылып қалған. Ақтарылып, көңіліндегісін сарқа айтып жатыр. – Бүгін сен берген қойды саттым. Өзімнің жинап жүрген ақшамды қосып ем, мына атқа жетті-ау, әйтеуір. Қожайынмен есеп айырысып, босандым. Енді мен де кетемін Қашқарыма. Жүр, бүгін менің қонағым бол. Зәйімкедегі досыма да айтып қойғанмын. Бізді тосып отыр. Сунуазыны да ерте кетеміз.
  • Мен ертең жол жүремін ғой, қалай болар екен, – деп Әсет екі ойлы раймен Сунуазыға қарады. Ол бұл көзқарастың мәніне түсінді.
  • Әсет аға, бұдан былай Тоқты екеуіңіз қайта көрісесіздер ме, жоқ па, Құдай біледі. Екеуіңіз екі шалғайға кетесіз. Бара беріңіз бүгін.
  • Әлгі кісілерден қалып қоймаймын ба?
  • Ертең ертерек қайтсаңыз, үлгересіз. Олар менен бір хабар алмай кетпейді. Уәдеміз солай. Тоқты, сен маған өкпелеме. Бір кісілерді тосамын. Оларға жай-жапсарды түсіндіруім керек. Кететін күніңде өзім шығарып саламын!
  • Ой, қойсаңшы, ағайын!
  • Тоқты, зорлама, солай болсын, – деді Әсет те қостап. Том- сарып қалған досына шынын айтты. – Сунуазыға мен үй-жайсыз бір босқын жігітті табыс еттім. Ол көшіп келу үшін жаңа ат-арба алып кетті. Енді соларға жөн көрсетуі керек қой.
  • Түсіндім, Әсет, бопты. Сен адамға жақсылық етуді ғана ойлайсың. Жүр ендеше, өзіміз-ақ барайық.

Сол түні Әсет қалашықтан жарты шақырымдай жердегі құржаның үйінде түн жарымына дейін ән салып, алысқа кететін досын разы етті. Келесі күні Тоқты екеуі күн шықпай жетіп еді, Сунуазы мен Бозтайдың қора-қопсықты тазалап жүргенінің үстінен түсті. Содан таңертеңгі асты бірге ішті де, уәделі жерге Әсетті алып барды. Тоқты да ере келген. Тұзға баратындар әзір отыр екен. Бөгелмей аттанды да, көліктерін айдап жолға түсті.


 


Әсет емірене қоштасты да, Сунуазы мен Тоқтыны құшақтап, бауырына басып ажырасты.



  • Қош, достым, жолың болсын! – деп Тоқты көзінің жасын сықты.
  • Қош, Әсет аға, Құдай тағы да дидарласуға жазсын! – деп қиыла қарады Сунуазы.
  • Қайда жүрсеңдер де аман болыңдар! – деп Әсет ақ тілегін жаудырып кете барды..

 





Пікір жазу