28.12.2021
  532


Автор: Жібек Ысқақова

8- наурыз мерекеңмен жан-жарым!

Өмірімнің шаттығына айналған,
Бұл жаныма шуақ шашар күндей боп.
Көктемдейін құлпыратын жан-жарым,
Хош иісті жан тербейтін гүлдей боп.

Сегізінші наурыз келді жан-жарым,
Асыл жарым құтты болсын мерекең.
Көктемнің бұл гүл жайнаған күнінде,
Арта берсін абыройың, берекең.

Мықты болсын денсаулығың, ауырма,
Жаратқаным бір өзіңе жар болып.
Әрбір күнің сәттілігін сыйласын,
Арайлы да шуақты атар таң болып.





Пікір жазу