27.12.2021
  1434


Автор: Жібек Ысқақова

Жан әпкем, 8 наурыз мерекеңмен!

Гүл жайнаған жан әпкем, мерекеңмен,
Құттықтаймын, бүгінгі шын жүректен.
Бар жақсыны тілеймін өзіңізге,
Маржан сізді көмкеріп ақ тілекпен.

Бұл өмірдің қызығына тоймай әпкем,
Әрбір күні шаттықты тойлай әпкем.
Күлімдеңіз, жадырап әр күн сайын,
Гүл көктемдей құлпырып, жайнап әпкем.

Жүзіңізден қуаныш кетпесін тек,
Жүріңіз тек жан әпкем сіз күлімдеп.
Арта берсін абырой, мәртебеңіз,
Амандықта жан әпкем жүрек үндеп.





Пікір жазу