15.12.2021
  508


Автор: Жібек Ысқақова

Нәзік жандылар мейрамы

Арайлы таң қуаныш сыйласын тек,
Бар жақсылық үйіңізде орнасын деп.
Тілеймін мен бақытты шын жүректен,
Қайғы-мұңың ешқашан болмасын деп.

Сегізінші наурыздың мерекесі,
Құтты болсын, шаттықты күн сыйласын.
Жүзіңізден күлкі кетпей әрқашанда,
Әр күніңіз күлімдеп, нұр сыйласын.

Арманыңыз орындалсын, мақсатыңыз,
Сәттілікке тола берсін көп сәтіңіз.
Алла өзі қолдасын, қорғап әркез,
Бар әлемге жайылсын жақсы атыңыз.





Пікір жазу