01.12.2021
  272


Автор: Жібек Ысқақова

Жаңа жылыңмен сіңілім құттықтаймын!

Жаңа жылмен құттықтаймын өзіңді,
Құтты болсын келіп жеткен жаңа жыл.
Көктемдейін құлпыра бер сіңілім,
Бар жақсысын сыйлап саған жаңа күн.

Жан сіңілім басыңнан бақ таймасын,
Жайнай берсін жан дүниең жадырап.
Жаңа жылда жете берші табысқа,
Жан дүниеңді нұрға бөлеп таңғы бақ.

Армандарың биіктерге жетелеп,
Мақсатыңа жете берші сіңілім.
Жаңа жылың сыйлап саған сәттілік,
Асулардан өте берші сіңілім!





Пікір жазу