01.12.2021
  769


Автор: Жібек Ысқақова

Аға, жаңа жылыңызбен!

Жанашыр жан бауырым, асыл ағам,
Әрқашанда мен үшін қымбат бағаң.
Жаңа жылың құтты болсын келіп жеткен,
Сәтті болсын сен басар әрбір қадам.

Жаңа жылда жаңа табыс есік ашсын,
Күн күлімдеп әрқашан шуақ шашсын.
Аман болып отбасы, жақындарың,
Бар жақсылық сендерге құшақ ашсын.

Қуаныштар көбейсін, бақыт еніп,
Жаңа жылда қыдыр ата үйге келіп.
Асыл ағам, алтын ағам жол бастайтын,
Раббым Алла қуантсын шаттық беріп.





Пікір жазу