30.11.2021
  283


Автор: Жібек Ысқақова

Жаңа жылыңызбен анашым!

Қарыздармын Анашым ақ сүтіңе,
Қанаттыға қақтырмай өсірдің сен.
Осы күнде биік самғап, қанат жайсам,
Сенің арқаң жан Анам біле білсең.

Құтты болсын жаңа жыл жан Анашым,
Ерекшесің мен үшін сен дарасың.
Құшағыңа ене кетсем сезінемін,
Қазағымның кең байтақ кең даласын.

Екі мың жиырма екінші жыл сыйласын,
Бар жақсыны өзіңізге жан Анашым.
Барыс жылы сыйласын тәтті күнді,
Шаттығы көп күндердің ең дарасын.





Пікір жазу