30.11.2021
  182


Автор: Жібек Ысқақова

Жаңа жылыңызбен құттықтаймын

Жаңа жылдың сезінейік таң арайын,
Аппақ қармен көмкерген жан сарайын.
Жаңа табыс молайып, қуандырсын,
Барыс жылы жайнатып бар маңайын.

Қиындықтар болмасын, шаттық болсын,
Жан дүниені қуанышты, нұрлы етер.
Екі мың жиырма екі қуандырсын,
Сәттілігін сыйлап тағы күннен бетер.

Ескі жылға салауат айтамыз біз,
Жаңа жылдан жақсы күн күтіп біздер.
Жаңа жылдың жаңа күні бақ сыйласын,
Шуағымен тербетіп көктем, күздер...





Пікір жазу