30.11.2021
  174


Автор: Жібек Ысқақова

Жаңа жыл құтты болсын ағайын

Жаңа жылдың ашылды жаңа есігі,
Құтты болсын баршаңызға оу ағайын.
Табысты жыл болсын енді бұл жаңа жыл,
Аман болып отбасы жоқ боп уайым.

Әрбір үйден бақ-береке арылмасын,
Әрбір жанның арманы орындалып.
Жаңа жылда жетейік мол табысқа,
Қуанышта, шаттықта топты жарып.

Бақытына бөлей берсін бұл жаңа жыл,
Күндер орнап баршаңызға жайма шуақ.
Жаратқаным жар болып, несібесін,
Бере берсін біздерге жанға қуат.





Пікір жазу