30.11.2021
  598


Автор: Жібек Ысқақова

Жаңа 2022 жылға құттықтау тілек

Жаңа жылда ырыстарың арта берсін,
Табыстарың молайып, қуандырып.
Саулықтарың мықты болып, әр күндерің,
Шаттығына бөлей берсін нұрландырып.

Барыс жылы табыс жылы бола берсін,
Бастарыңа бақыт құсы қона берсін.
Жиырма екінші жылы бұл қуантып тек,
Сәттіліктің алауын жаға берсін!

Бақ-береке, ырзықтарың ортаймасын,
Орындалып жоспарларың жаңа жылда.
Барыс жылы бар жақсысын сыйлай берсін,
Амандықта қауыштырып жылдан жылға.





Пікір жазу