30.11.2021
  179


Автор: Жібек Ысқақова

Жаңа 2022 жыл, жаңа күн, барыс жылы

Бар қиындық өткен жылда қалсын деймін,
Жаңа жылда бақыттарың жансын деймін.
Жаңа жылдан күтеміз жақсылықты,
Алла жар боп қуаныштар болсын деймін.

Әр отбасы бақыттан көз ашпасын,
Аман болып отбасы, ошақ қасы.
Жаратқаным жар болып баршаңызға,
Қуанышқа бөленсін үлкен, жасы.

Жиырма екінші жыл болсын бақыт жылы,
Әр күн сайын тербейтін шаттық, нұры.
Табысты жыл болсыншы баршаңызға,
Қуанышын әкеліп барыс жылы.





Пікір жазу