30.11.2021
  155


Автор: Жібек Ысқақова

Жаңа 2022 жыл құтты болсын, жаңа күн

Жаңа жыл құтты болсын баршаңызға,
Құт-береке әкеліп барыс жылы.
Екі мың жиырма екінші жыл сыйласын,
Қуаныш пен шаттығын әрбір күні.

Табысты жыл болсыншы бұл жаңа жыл,
Болмасын деп тілеймін көңілде мұң.
Бұл жаңа жыл табысқа жетелесін,
Жан дүниеңді тербетіп ән менен жыр.

Арман менен мақсаттарың орындалсын,
Жаңа жылда жаңа табыс есік ашып.
Саулықтарың мықты болсын ең бастысы,
Әрбір күнің шаттықта нұрын шашып.





Пікір жазу