30.11.2021
  170


Автор: Жібек Ысқақова

Жаңа 2022 жыл құтты болсын!

Жаңа жыл құтты болсын келіп жеткен,
Жаңа күн, жаңа ай, жыл күлімдеткен.
Бақыт, шаттық қуаныш алып келсін,
Жаңа жыл бұл шырайлы нұрын төккен.

Жаңа жылда бар қуаныш орнай берсін,
Бар жақсылық әр күнді жалғай берсін.
Жаратқан ием жар болып баршаңызға,
Шаттығы көп күндерін арнай берсін!

Орындалсын арман менен тілектерің,
Лүпіл қағып кеудедегі жүректерің.
Саулықтарың мықты болып әрқашанда,
Науқастарға Аллахым берсін емін.





Пікір жазу