20.11.2021
  552


Автор: Жібек Ысқақова

Ұстазым, туған күніңізбен

Құтты болсын ұстазым, туған күнің,
Білім беріп өмірді гүлді еткен.
Бар бақытын, шаттығын сыйлай берсін,
Жаңа жасың ұстазым келіп жеткен.

Көңіліңізде қайғы-мұң болмасын еш,
Күн шуағын тілеймін аппақ таңдай.
Еңбегіңіз бағаланып, шаттаныңыз,
Жайма шуақ жадырап ұстаз жаздай.

Шалқып-күліп бақытты болыңыз сіз,
Жастан жасқа ұстазым жетіп аман.
Саулығыңыз ұстазым мықты болып,
Күндеріңіз көп болсын жарқыраған.





Пікір жазу