11.11.2021
  2701


Автор: Жібек Ысқақова

Колледж бітірушілерге түлектерге құттықтау сөздер тілектер

Арман қуып колледжге түскен жандар,
Алға қойып мақсат пен үлкен арман.
Бүгін міні бітіріп жатырсыңдар,
Арай күтіп шуағын әрбір таңнан.

Колледжден соң әрі қарай жалғарсыңдар,
Бірің жұмыс жасап уақыт арнарсыңдар.
Құтты болсын қуанышты күндерің бұл,
Алда тала алатын заңғар шың бар.

Қанаттарың талмасын, биік самға,
Жаңа өмірде кезігіп мол бақытқа.
Дендерің сау, алға қарай ұмтылыңдар,
Жүздеріңде нұр ойнап әр уақытта.





Пікір жазу