10.11.2021
  10753


Автор: Жібек Ысқақова

Қырық жылдық түлектер кездесуіне құттықтау тілектер

Сыныптастар, сыныптас, атың қандай,
Күндеріміз қайда қалды шекер, балдай.
Жас түлек боп қанат қағып ұшқан едік,
Ақ тілекті шетінен біздер жалғай.

Бүгін міне қырық жылдық есік ашып,
Сағынысып, отырмыз құшақтасып.
Әр өңірден жиналып, ақ тілекті,
Арнаудамыз, жан-жақтан құшақ ашып.

Сыныптастар бүгін міне ғажайып күн,
Шырқалатын, айтылатын ғажайып жыр.
Қырық жылдық қырық мың шаттық сыйлап,
Гүлгүл жайнап жүрейік өмірде бұл.





Комментарии

Бақвыкүл
Бақвыкүл 07.05.2023 15:50
Оқылуы жеңіл.Әрі көңілге қонымды.Осындай өлеңдер көп болсын.
13.04.2023 21:14
40-жылдық кездесуге жақсы тілек жазыңызшы.
Майра
Майра 10.03.2023 22:31
Бүгінгі қырық жылдық тілегіңіз өте әдемі, мазмұнды жазылған. Осындай тілектер көп болса екен деп тілеймін. Сізге деңізге саулық, қол жазбаңызға сәттілік, осындай тілектеріңізбен шаттыққа бөленіңіз. Шабытыңыз тек жемісті болсын сіңілім.

Пікір жазу