10.11.2021
  9383


Автор: Жібек Ысқақова

Қырық жылдық түлектер кездесуіне құттықтау тілектер

Қырық жылдық кездесу келді достар,
Өткен күннің тарихын қолына алып.
Қырық жылдық есігін айқара ашты,
Мектептегі күндерді еске салып.

Жас түлек боп ұштық біз қанат қағып,
Жаңа өмір есігін біздер ашып.
Он жылдықта кездестік сыныптастар,
Алтын ұя мектепке біздер барып.

Жиырма, отыз жылдықта кездестік біз,
Он, он жылды араға біздер салып.
Енді міне қырық жыл келді демде,
«Қырық жылдық» деген алтын үкі тағып.

Құтты болсын түлектер қырық жылдық,
Амандықта, саулықта келіп жатқан.
Отбасымыз аман болсын, ошақ қасы.
Нұрын сыйлап шуағын, көңілді аспан.





Пікір жазу