10.11.2021
  4996


Автор: Жібек Ысқақова

30 жылдық кездесуіне құттықтау тілектер

Келіп жетті отыз жыл сыныптастар,
Мектептегі бал күндер естелік боп.
Кездесуге жиналдық бүгінде біз,
Сыныптастар қуанып, көңілді боп.

Жүздеріңнен қуаныш арылмасын,
Сыныптастар жүрекпен үн қататын.
Отыз жылдық кездесу құтты болсын,
Өткен күнді еске алып, жырлататын.

Отбасымыз аман болсын, жақынымыз,
Көктемдейін қуантып, сыйлайтын бақ.
Сәттілікте жалғана берсін әр күніміз,
Алла жар боп, әрқашан бізді қолдап.





Пікір жазу