10.11.2021
  1603


Автор: Жібек Ысқақова

Он жылдық кездесу құтты болсын!

Құтты болсын сыныптастар, кездесу,
Он жыл бұрын бірге еді жанымыз.
Бір ортадан білімменен сусындап,
Қанат қағып түлеп ұштық бәріміз.

Міне он жыл өтті демде зымырап,
Он көктемді артқа салып достарым.
Жалтырайды мектептегі күзгі бақ,
Қолын бұлғап тым алыстан жас шағым.

Сыныптастар бірге таңды атырған,
Әрқашанда амандықта болыңдар!
Бұл он жылдық таба берсін жалғасын,
Жиырма, отыз, қырық жылдық таңым бар.





Пікір жазу