10.11.2021
  1735


Автор: Жібек Ысқақова

Балабақша бітіруші, түлек ұлыма тілек

Балдай үні былдырлаған ұлым менің,
Шуақ шашар аспанда күнім менің.
Бақша есігін кеше ғана аттаған ең,
Міне бүгін бітірген күнің сенің.

Құтты болсын алғашқы белесің бұл,
Алда талай жан балам келесің тұр.
Әр белестен жарқырап өте бергін,
Әуелетіп жаныңды ән менен жыр.

Қуаныш пен шаттығың құшақ жайсын,
Басқан әрбір қадамың оңды болып.
Алла өзі жар болсын құлыншағым,
Ырзығың мен несібең молды болып.





Пікір жазу