08.11.2021
  406


Автор: Жібек Ысқақова

32 жас қарындасыма туған күнге тілек

Гүл көктемнің шуағындай нұр беретін,
Барлық жанды баурап демде үлгеретін.
Қарындасым айналаны гүлді етіп,
Әр жыл сайын құлпырып түрленетін.

Құтты болсын жаңа жасың қарындасым,
Болсын деймін қашанда бағың басым.
Отыз екі жасың саған бақыт сыйлап,
Қосыла берсін амандықта жасқа жасың.

Шаттығына бөлесін бал өмірің,
Сыйлап саған қарындасым өмір гүлін.
Алла өзі жар болсын, қолдап әркез,
Солмасын еш қарындасым көңіл гүлің.





Пікір жазу