02.11.2021
  410


Автор: Әкім Ысқақ

Алтыным!
Досты жау ететін де,
Төбені тау ететін де,
Мақтап,
тауға шығаратын да,
Даттап,
таудан құлататын да,
Жала жауып, жылататын да,
Өсек айтып, ұрыстыратын да,
Ақтап,
Татуластырып, туыс қылатын да
Соттап,
"мылтығын" оқтайтын да,
Өмірден өткенде...
Жақтап,
"жалғызым" деп жоқтайтын да...
Кім?
-Өзіміз!
Оны көріп жүр ғой, көзіміз!





Пікір жазу