02.11.2021
  348


Автор: Әкім Ысқақ

Алтыным

АЛТЫНЫМ!
Адам іздеп, таба алмасаң - сол жаман,
Жүрек отын жаға алмасаң- сол жаман,
Айтар сөзді айта алмасаң - сол жаман,
Қарызыңды қайтармасаң -сол жаман!

Көзің болып, көре алмасаң - сол жаман.
Арманыңа сене алмасаң - сол жаман.
Қиындықтар кезіккенде өмірде,
Өзіңді өзің жеңе алмасаң - сол жаман!


АЛТЫНЫМ!
Күнің бұлтты ма, жаңбыр ма,
Өкпе артпағын тағдырға.
Қиналып қанша жүрсең де,
Өзгенің көңлін қалдырма
Су болсаң да жаңбырға
Сырыңды ешкімге алдырма
Ал жақыныңа қатысты
Істі кейінге қалдырма!





Пікір жазу