02.11.2021
  3035


Автор: Жібек Ысқақова

Анашым: мерейтоға 70 жас туған күнге тілек

Жетпіс жасқа толып жатыр анам бүгін,
Құтты болсын анашым туған күнің.
Жаздай жаның жадырасын, мұңаймасын,
Шығып әркез анашым шаттықта үнің.

Гүлдей жайнап ортамызда жүрші аман,
Жан Анашым Жаратқаннан мен сұранам.
Жастан жасқа амандықта жете берші,
Жұлдызайын жарқырап күліп анам.

Өзіңізбен таңымыз шуықты атар,
Өзіңізбен күніміз сәтті батар.
Жүз жасаңыз анашым бақытты боп,
Біздерменен өткізіп уақытты көп.






Пікір жазу