26.10.2021
  674


Автор: Жібек Ысқақова

Әжетай, туған күніңмен!

Асыл әжем, жан әжем,
Әнімен бізді тербеген.
Ауыра қалсақ егерде,
Сиқыр сөзімен емдеген.

Мейірімді жанары,
Бейнесі сұлу, ажары.
Құтты болсын әжетай,
Туған күннің ғажабы.

Жүз жасашы жан әжем,
Ғасыр тойын тойлайық.
Сізбен бірге әжетай,
Жақсылышты жалғайық.
Сіз басшы боп, біз қосшы,
Амандықта болайық!





Пікір жазу