21.10.2021
  699


Автор: Жібек Ысқақова

24 жас туған күнге тілек

Туған күнің құтты болсын келіп жеткен,
Жеке  меншік мерекең бақытты еткен.
Жиырма төрт жас сыйласын қуанышын,
Жан дүниеңе ғалайып нұрын сепкен.

Жайнай берсін өмірің жалындасын,
Қиыншылық қасыңнан табылмасын.
Алла өзі жар болып,  нұрын шашып,
Бар жақсыны саған деп қабылдасын. 

Жастан жасқа  амандықта жете бергін,
Асулардан қиындықсыз өте бергін.
Арман,  тілек,  мақсатың орындалып,
Жақсылықтың арбасын жетелегін.





Пікір жазу