28.09.2021
  3078


Автор: Жібек Ысқақова

8 жас толды ұлыма туған күні

Жігіт болды қараңыздар менің ұлым,
Сегіз жасқа толып жатыр қадам басып.
Ашық болсын ботамның өмір жолы,
Арайлы таң шаттықта нұрын шашып.

Әрбір күнің жан балам күлімдесін,
Бұл өмірдің қиыны білінбесін.
Қуанышқа жетелесін болашағың,
Сендік жүрек өмірден түңілмесін.

Армандарың орындалсын, мақсаттарың,
Шыға берсін жан балам жақсы аттарың.
Деніңе саулық тілеймін амандықты,
Бақытты етсін еліңді сөз саптарың.





Пікір жазу