28.09.2021
  3164


Автор: Жібек Ысқақова

10-ЖАСҚА қызыма ТІЛЕК-ӨЛЕҢ

Жаным қызым, жарығым бақ-жұлдызым,
Баға жетпес асылым сен құндызым.
Құтты болсын бүгінгі туған күнің,
Он жаспенен көріктенген жаным қызым.

Сұлулана құлпырып баурап жанды,
Күлім қағып қарсы аласың атар таңды.
Жүзіңнен сенің күлкі кетпей бақытты бол,
Болып жаным сәнді де, өмір мәнді.

Биіктерді бағындырғын сен шаршаман,
Арманыңа қол жеткіз сен аңсаған.
Алла өзі жар болып, қолдап әркез,
Бар жақсысын жіберсін қызым саған.





Пікір жазу