21.07.2021
  219


Автор: Анар Шамшадинова

Бәрі сенің қолыңда

Шырынына шабыттың жұбанғаным,
Дүниенің сиқырын ұға алмадым,
Бәрі сенің қолыңда білесің бе
Өлеңім де, күлгенім, қуанғаным.
Медет тұтып әлі де ақ таң барын,
Ұшты-күйлі бақты іздеп аттанғаным,
Бәрі сенің қолыңда, неге екені
Сүрінгенім, сынғаным, құлағаным.
Сен бар жерде қиялдың күшті күні,
Сенсіз іңкәр көңілдің ұшты гүлі.
Мен күніңе айналсам, қайран қалма.
Ол сүйікті Алланың күштілігі.





Пікір жазу