03.07.2021
  230


Автор: Мұзафар Әлімбаев

Ұқсастық

Мен мектеп қоңырауындай ұқыптымын:
Шарқ ұрам, келеді істің күтіп күнін.
Ей, ақын!
Сен де ұстазсың, борышың мол,
Өмірдің оқырманға тоқыт жырын.
Мектептің қоңырауындай сергектігім:
Heгe ол кежірлерге бермек тыным?!
Оятам қалғығанды, мүлгігенді,
Жайбасар самарқаудың тергеп жүгін.
Мектептің қоңырауындай елеңдерім,
Орынды аландауым, елеңдеуім:
Сыңғырлы келісіммен жас буынға
Нұсқасын білім төрін, өнер көгін...





Пікір жазу