08.06.2021
  596


Автор: Жібек Ысқақова

ҚЫЗ ҒҰМЫРЫ

ҚЫЗ ҒҰМЫРЫ
(Өмірдегі кей жайларды арқау етіп, ойдан құрастырылған әңгіме)

      Аружан жастайынан өмірінде ешқандай қиындық көрмей, ата-анасының, бауырларының ортасында бақытты болып өсіп келе жатқан үйдің ең кенжесі еді. Үйдің жалғыз қызы, "еркетотай"  деп те айта аламыз. Бірде ағасының мойнына отырып алып түспей қойыпты. Ағасы да көңіліне қарап қарындасының айтқанын екі етпей орындай беретін.
      Күндердің күнінде Аружан кер маралдай керіліп, боянбаса да көрген адамды өзіне баурап алатын тал шыбықтай сызылып бой жетіпті. Еркелігі бар, бірақ кішкентай кезіндегідей емес, басылып қалғандай. Ағаларының мақтанышына айналған Аружан өз отбасын жанындай жақсы көретін.
      Бірде бай, дөкей Аружанға құда түсіп,  өзінің көрсе қызар ұлына алып бермекші болады. Аружанның әкесі болмағандықтан, Анасы шешім қабылдау керек болатын. Іштей бай баласына қызын бергісі келмесе де Аружанның өзінен бір ауыз сұрауды  жөн санайды.
     - Қызым, мына кісінің ұлына тұрмысқа шыққың келеді ма? Мен сенің шешіміңмен  келісемін. - дейді. Қызы болса ешқандай ойланбастан:
     - Жоқ Анашым,  мен бұл адамның  ұлына тұрмысқа шыққым келмейді -дейді. Қызының ойы өзінің ойымен  бір жерден шыққанына қуанған  ана  "жоқ,  Аружан қарсы болып жатыр, менің де ойым осы, қызымды сіздерге бермеймін" дейді. Мұны естіген бай баласы осы қызды ғана аламын деп қоймай қояды. Ал баланың әкесі болса: "Келісім бермесеңдер отбасыларыңды түбейгейлі құртып жіберемін" -деп,  ескертіп қойды, қорқытып. Сауық құрған өмірі көзінен бұлбұлдай ұшқан Аружан еркелемек түгілі, бес-алты жасқа өсіп кеткендей үлкен ойға шомып, қалшиып тұрды да қалды.
      Бір-екі күнде қайта келеміз деген бай отбасы, қайтадан есік қақты:
    -"Біз өз адамымызды алғалы келдік"-деп қызға қарай ұмтылды. Аружанның анасы:"Қызымды бермеймін, сіздерге қызым жоқ беретін"-дегені сол еді, әлгі бай жігіттің әкесі  Аружанның анасын итеріп жіберді. Содан қызға қарай беттей бергенде, қыздың ағалары да қарсылық көрсеткен еді, оларды байдың жандайшаптары ұрып-соға жөнелді. Осыларды көрген Аружан сөзге келместен "Сіздермен барамын"-деді жыламсырап. Қыз ғұмыры осы жерден жүз сексен градусқа өзгеріп, басқа бір танымайтын әлемге енгендей болды.
       Арада біраз уақыт өтседе Аружан өз үйіне келген емес, Қайынжұрты Аружанды төркінімен араластырмай қойғандай, оған себеп: қыз отбасының қарапайымдылығы, төменгі санаттағы отбасы болғандығы, анығырақ айтқанда "кедейлігі"  еді. Бай отбасынан жылу көрмеген Аружан іштей өзін жегідей жеп жүрді. Анасының жағдайында біле алмай қатты қиналып, жүнжіп кетті. Көз алдына келетін сол, баяғы өз үйіндегі еркелеген кездері. Сол күндердің естелігі ғана Аружанға қуат беретіндей  еді.
  Ал, Аружанның күйеуі болса, күніге әр қызға барып, ойына келгенін жасап жүрді. Барлық қиындықты ешкімге айтпай, іштей тынып жүрген Аружан бірде қатты сырқаттанып қалды. Тіпті ауа жетпей, орнынан тұра алмай қалады. Келіндерінің бұл жағдайын көрген Аружанның ата-енесі мен күйеуі Аружанды төркініне әкеледі де: 
     - "Қыздарың ауыру, өздерің қараңдар"-деп тастап кетеді. Өз отбасымен қауышқан Аружан:
     - "Анашым қалайсыздар?!"-деп басын көтеріп жан-жағына қарап(күлімсіреп) ұзақ күрсінді де демін шығарды.
      Міне осылай қыз ғұмыры, тамыр жая алмай, гүлдей солып сала берді.
     Ия, осындай байсымақтардың  кесірінен қаншама гүлдер солып жатыр екен а?!
      Ойланайық, ой түйейік ағайын!!!

      Ғажайып Қазақстан-2050 жұрналының меншікті тілшісі: Жібек Искакова, Түркістан қаласы





Пікір жазу